Цеснабанк «Ардагерлерге қолдау көрсету!» акциясын бастады

Цеснабанк «Ардагерлерге қолдау көрсету!» акциясын бастады. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.

«Мемлекетіміздің тарихындағы ең маңызды күндердің бірі — 9 мамыр мерекесі жақындап келеді! 71 жыл бұрын біздің аталарымыз бен әкелеріміз Ұлы Отан соғысында жеңіске жетті. Олар ерліктерінің арқасында Отанымызды қорғап, бізге бейбіт өмір мен ашық аспан сыйлады. Цеснабанк ардагерлердің күнделікті өмірінде тұрақты негізде көмек көрсетуге үндейтін «Ардагерлерге қолдау көрсету!» акциясының бастады», — делінген хабарламада.

Цеснабанк жыл сайын Жеңіс күнін мерекелеуге қатысады. 2016 жылдан бастап Цеснабанк ай сайынғы материалдық көмек көрсету арқылы Қазақстан қалаларындағы 23 ардагерге қамқорлық таныту құрметіне ие болып келеді.

Жеңіс жауынгерлерінің болашақ үшін жасаған ерен ерліктері, баға жетпес мақтанышымыз! Олар келешек ұрпақ, біздің еркіндігіміз үшін күресті! Ұлы Отан соғысының адамзат баласының жанына салған жан жарасын жадында сақтаған барлық азаматтарды акцияны қолдауға және ардагерлерге үнемі қамқорлық таныту міндетін алуға шақырамыз.

Ұлы Жеңіс жасасын! Айбынды жауынгерлер жасасын!

Акция жайлы толығырақ банктің www.tsb.kz ресми сайтынан білуге болады.

 

Pin It

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *