«Астана ЭКСПО -2017» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов халықаралық көрмені өткізуге құрылған жұмыс орындары 2015-2019 жылдардағы индустриалды-инновациялық даму бағдарламасынан асып түскенін айтты.
«Менің ойымша, бізге дағдарысқа қарсы нақты нәтижеге қол жеткізуге қауқарлы болдық. Ranking зерттеу агенттігі осы бағытта зерттеу жүргізіп, ЭКСПО мен экономиканы қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларда жұмыс орындарын құрудағы нәтижені салыстырған. Атап айтқанда, 2015-2019 жылдардағы индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 4,5 мың жұмыс орны құрылса, ал ЭКСПО тек 2015-2016 жылдары бұл көрсеткішті бірнеше есе асырды»,-деді А. Есімов ұлттық компания жанындағы Қоғамдық кеңестің екінші отырысында.
Осы ретте ол 2015 жылдың тамызына дейін ЭКСПО құрылысында жергілікті қамту үлесі өте төмен болғанын, сондай-ақ Қазақстан компанияларына осы нарыққа кіру қиынға түскенін атап өтті.
«Мердігерлер үшін шетелден тауар алып келу тиімді, себебі оның құны Қазақстанда өндірілген өнімге қарағанда қымбаттау. Осы ретте біз бұл кедергіні еңсердік. Өткен жылдың тамызынан бастап құрылыс саласына өнім шығаратын отандық кәсіпорындарды белсенді түрде тарта бастадық»,-деді ол.