Сейсенбі, Шілде 4, 2017
Негізгі > Міне, қызық! > Бір тонна ұялы телефоннан қанша алтын алуға болады?

Бір тонна ұялы телефоннан қанша алтын алуға болады?

Істен шыққан ұялы телефондарды пайда көзіне айналдыруға болады. Қалай дейсіздер ғой? Ендеше, төмендегі мәліметтерге назар аударыңыздар.

4732d128a059984ca1434319f013f4ff_resize_w_520_h_Ұялы байланыс құралдарын жасау үшін мыстан бастап алтын мен күміске дейінгі шикізаттың көп қоры қажет.

Шетелдік мамандардың айтуынша, ұялы телефондардың бір тоннасынан 280 грамм алтын, 140 граммнан платина мен палладий және 140 келі мыс алуға болады.
Яғни, ұялы телефонды жасау үшін мыс көп пайдаланылады. Мыстың ұялы телефондағы орташа мөлшері – 8,5 грамм. Кей жағдайларда 15 грамға дейін жетеді.
Бүгінде әлем бойынша 50 млн тонна ескі электронды қалдықтар жиналған. Ал, Қазақстанда электронды қалдықтарды өңдеумен айналысатын оннан астам зауыт бар. Бұл кәсіпорындар ұялы телефон, магнитола, кеңсе техникасы сынды шағын құралдарды утилизациялап, кәдеге жаратумен айналысады. Демек, елімізде ескі телефондардан алтын және басқа бағалы заттарды алып, оларды кәдеге жаратуға мүмкіндік мол.

БАҚ.кз

0

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *

+ 12 = 14

Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару