Өз өміріңізде тым болмаса бір рет монеталардан мұнара құрастырып көрдіңіз бе? Ендеше, мына жапониялық жігіттің өнері Сіздің көңіліңізден шығатынына біз кәміл сенімдіміз.
Ескертеміз, фотолардың ешқайсысы өңдеуден өтпеген, яғни барлығы да шынайы өмірден алынған. Сенбесеңіз төмендегі видеоны тамашалап, көз жеткізуіңізге болады.
Бір қарағанда, бұл еріккеннің ермегі секілді көрінеді. Алайда, бұның кез келгеннің қолынан келе бермейтінін мойындауымыз қажет. Солай емес пе?