Шерегеште (РФ, Кемерев облысындағы кент) туристер аспаннан бірден үш күн көрінген ерекше атмосфералық құбылысты фотоға түсіріп алған. Ерекше құбылыстың қуәгерлері оны «гало» деп атады. Бұл 19 қарашада күндіз орын алды. Сондайақ күн батар тұста сағат 1617 лерде қайталанды. Бұл уақытта ауа температурасы 30 градус болып тұрған. «Шергеште талай болғанымын. Мұндай жағдайды бірінші рет көруім», деп таңданысын жасырмады фоторгафтардың бірі Камиль Нуруллович. Басқа куәгерлер «гала» қатты аязда не түнде ай жарығы кезінде пайда болатынын айтады. Шергешке көп келетіндер өткен жылы қаңтарда осы жерде үш күнді көргенін айтуда, деп жазды «Комсомольская правда». Айтқандай, «гало» атмосфералық оптикалық құбылыс қыста қатты аязда пайда болады, мамандар аспанды қаз бауыр бұлт басқанда, мұздан тропосфераның жоғарғы қабатында 510 шақырым биіктікте пайда болады деп санайды.