Жексенбі, Қыркүйек 10, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > Ел-жер > Алғыс айту күні – мейірімділік пен құрмет мерекесі

Алғыс айту күні – мейірімділік пен құрмет мерекесі

Семейдің орталықтандырылған кітапхана жүйесінде «Алғыс айту күні – мейірімділік пен құрмет мерекесі» атты әдеби-сазды кеш өткізілді. Шараға кітапхананың оқырмандары Н.И.Бралинова,  С.В.Журавлева, М.Төлебаев атындағы Музыкалық училищесінің ұстазы А.К.Бейсханова, «Жас қаламгер» студиясының жетекшісі А.М.Айсрахунова қатысты.

Шара басында кітапханашы Алғыс айту күні – ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барша қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні деп атап өтті.

Бұдан әрі сөз алған шара қонағы С.В.Журавлева қазақ халқының бауырмалдығын, қонақжайлығын, бүгінде елімізде әртүрлі этностардың тату-тәтті өмір сүріп жатқанын әңгімесіне арқау етті.

Ал келесі сөз кезегін алған кеш қонағы Н.И.Бралинова өз сөзінде Алғыс айту күні – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келгендігін және оның басты мақсаты – жалпы тарих негізінде көпұлтты Қазақстанның бірлігін сақтау және дамыту екендігін жан-жақты баяндап берді.

Әдеби-сазды кеш №8 орта мектептің оқушыларының орындауындағы «Менің Қазақстаным», «Жан анашым» т.б. әндерімен  шырайлана түсірсе, «Шебер қолдар» үйірмесінің мүшелері «Туған еліме мың алғыс» тақырыбында жазған эсселерімен қатысушыларды тәнті етті.

Шараны қорытындылай келе, кітапханашы бұл мерекенің қазақ халқының мейірімді және ынтымақшыл әдет-ғұрпынан бастау алатын тарихи дәстүрлеріне негізделгенін атап өтіп, кеш қонақтарына алғыс хаттар табыс ете отырып, ризашылығын жеткізді.

Соңында «Алғыс айту күні – мейірімділік пен құрмет мерекесі» атты кітап көрмесіне қойылған әдебиеттерге  библиографиялық шолу жасалды.

0
Кіру
*
*
*
*
*
Кілтсөздерді қотару