Темпераментіңіз қандай?

  Темперамент–бұл адамның психикалық әрекетінің динамикасын айқындайтын дара қасиеттерінің жиынтығы.  Осыдан 2500 жыл бұрын Гиппократ адамдарды 4 темпераментке бөлген: сангвиник, холерик, меланхолик, флегматик.

                  Сангвиник шапшаңдығымен, қабілеттілігімен, ашықтығымен, белсенділігімен сипатталады. Мұндай адамдар ақкөңіл, ренжігенде тез қайтады, ортаға оңай сіңіп кетеді. Кез келген жағдайға бейімделе алады, мақсатына жетуге тырысады, еңбекқор.  Сангвиниктердің ойы жаңа, креативті идеяларға толы. Сәтсіздіктерді жеңіл көтереді. Оптимист. Алайда, мұндай темпераменттегі адамдардың бір жағымсыз қасиеті бар. Ол – бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу. Сангвиник қатып қалған қағидамен өмір сүрмейді, кейде ойланбастан шешім қабылдайды.

                 Холерик белсенді, шапшаң, алайда мұндай жандарда ұстамдылық жоқтың қасы. Алдына мақсат қойса, оған жету үшін бар күш-жігерін салып, бастаған ісін міндетті түрде соңына дейін жеткізеді. Дұрыс әрі тез шешім қабылдайды. Өзіне сенімді.   Холерик эмоциясын басқара алмайды, ойындағысын тура айтады. Жағымсыз жақтары – шыдамсыз, қатал, күйгелек. Адамдармен қарым-қатынаста агрессивті, шамданғыш болып келеді.  Сондықтан холерик жүрген жерде ұрыстар жиі болады.

              Меланхолик. Бұл темперамент иесінде психикалық процесстер өте баяу жүреді. Тез шаршағыш. Өздеріне сенімсіз. Барлығын жүрегіне жақын қабылдайды, реніштерін ішінде сақтайды, өте сезімтал. Достарына көмектескенді ұнатады. Меланхоликке шешім қабылдау  қиынға соғады. Ұялшақ, тұйық. Таныс емес адамдармен сөйлеспейді, жаңа ортада қатты қысылады. Проблемаларды терең сезініп, көп уайымдайды.

            Флегматик. Мұндай типтегі адамдар баяу, байсалды. Істі ойланып, төзімділікпен істейді. Жинақылықты, қалыпты жағдайды ұнатады. Адамдармен қарым-қатынаста флегматик бірқалыпты, байыпты, керек жерде тіл табысады, ал орынсыз сөйлемейді. Мақсаттарына шағын қадамдар арқылы қол жеткізеді. Флегматикті ызаландыру немесе эмоционалды әрекет жасауға итермелеу оңай емес, ол ұрыс- керістен аулақ жүреді.

Ал сіздің темпераментіңіз қандай?

 

Pin It

5 thoughts on “Темпераментіңіз қандай?

  1. Холерик. Өзімді өзім жақсы бағалаймын. Және мінезім өзгерген емес. Менің туыстарымның көбі осы топқа жатады. Қызуқандымыз.

  2. Осындайды мектепте психолог ұстаздар анықтап бергенде сенбеуші едік. Қазір кейде керек болып қалады.))

Жауап жазу

Your email address will not be published. Required fields are marked *