Жұма, Желтоқсан 22, 2017
Негізгі > Ал, ендеше! > Кінәлі Димаш па, қытай мамандары ма?

Кінәлі Димаш па, қытай мамандары ма?

 

Күні кеше ғана Қытайдың Хунань өлкесі Чаңша қаласында өтіп жатқан “I am singer-2017” байқауында Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген  Витастың “Опера-2” әнін орындап, тағы да топ жарған болатын. Алайда Витастың продюсері Димаштың үстінен шағым түсіріп үлгерген деп хабарлайды ent.ifeng.com сайты.

Витас Димаштың «Опера-2» әнін орындауына байланысты Watson&Band адвокаттар алқасына арыз түсірген. Хунан өлкесінің Чаңша қаласында орналасқан өлкелік телеарнасының атына бағытталған хатта: «Димаш Құдайбергенге бұдан кейін әлемнің және Қазақ Елінің кез келген сахнасында, кез келген концертте Витастың бірде-бір әнін орындауына рұқсат етілмейтіні және бұл талап орындалмаған жағдайда «авторлық құқық туралы халықаралық заң» негізінде қатысты орындардың шешіміне жүгінетіні жайлы айтылған.

«Опера 2» әні Ресейде тұратын атақты әнші Виталий Гогунскийдің авторлық туындысы. Әуенін де, сөзін де Витас жазған. 2000 жылы Витас бұл әнімен алғаш рет сахнаға шығып әлем алдында танымал болды. Витастың шығармашылығына қатысты барлық әндері «Пудовкин» продюсерлік орталығының құқығына тәуелді. Хунанның өлкелік телеарнасы өткізіп жатқан «Singer-2017» ән байқауында Қазақстаннан атынан барған әнші Димаш Құдайбергенов 28 қаңтар күні «Опера 2» әнін айтып сахнаға шықты. Ал, «Опера-2» әні осы телеарна арқылы күллі Қытайға тарады. Мұнан тыс, бұл ән қытайдағы барлық әлеуметтік желілерге кеңінен таралуда. Димаш онымен қоймай бұл әнді 30 қаңтар күні Қытайдың «жаңа жыл мерекесінде» де орындап, телеарна, интернет арқылы тағы да ду болды. Витастың әндері күллі әлемге тараған. Сонымен қатар, әрбір жерлік орындар арқылы барлық құқы қорғауға алынған. Осындай жағдайлар арқылы Хунан өлкелік телеарнасы «Пудовкин» продюсерлік орталығының заңдық құқына зиян келтірді», – делінген атаулы хатта.

Өткен мақаламызда жариялағандай Димаштың екінші айналымда  алдын-ала дайындаған әні рұқсатсыз таратылып кеткендіктен, оған жаңа әнге дайындалу тапсырылыпты. Жобада Димашпен жұмыс жасаған мамандар оған Витастсың «Опера 2» әнін сынап көруге ұсыныс берген. Ал Димаш болса бұл әнге өзінің бұрыннан сыралғы екенін, тіпті Витастан екі дыбыс жоғары айта алатынын жеткізгенде, қытай мамандардың есі шығып кетсе керек.

PS: Демек, бұл Димаштың өз еркімен таңдалмаған ән. Олай болса кім кінәлі… Осындайда ой келеді. Қазақ спортшылары спортта жарқ етсе, допингпен құлатып, өнерде жарқ етсе, авторлық құқықпен қорқытатынды шығарды. Сірә, біз тым мықтымыз сондықтан өзгелер аяқтан шалудың жолын қарастырады немесе тым аңғалмыз…

А.Таңжарыққызы,

“Жерұйық” порталы

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation