Негізгі > Абайтану

23-дәріс. АҚЫН АБАЙ – ОЙШЫЛДЫҚ САТЫДА (1891-1893 жылдар аралығына ой шолу)

Мақалада абайтану бағытында ескерілмей жатқан біраз мәселе қамтылған   Кіріспе сөз Ұлы Абайды танып, білуге қай дәуір де мүдделі, ал әр толқын ұрпақ оған өзіндік үлесін қосуға міндеткер.  Бүгінгі таңда Абай мұрасын жаңаша көзқараспен зерттеп, зерделеудің бұрын-соңды болмаған тамаша мүмкіндігі туып отыр. Ол  – тәуелсіздік тартуы. Соны пайдаға асыра алсақ кәне. Ашығы керек, жаңаша

Толық оқу...

22-дәріс. МӘҢГІЛІК АБАЙ

(эпилог орнына) Бұл фәни өмірде бәрі өткінші, мәңгілік ештеңе де жоқ. Ет пен сүйектен жаралған пенденің ажалсызы кәне. «Өзекті жанға бір өлім» дейді халқымыз. Мәңгілік деген үміт шоғы әсте о дүниеге, рух әлеміне ғана қатысты. Санаткер Абай рух әлемінің білгірі, халықтың уақыт сынынан өткен рухани көсемі. Міне, «мәңгілік Абай» тіркесі осы

Толық оқу...

21-дәріс. АҚТЫҚ ЖЫЛДАҒЫ АБАЙ

Өмірінің ақтық жылында Абайдың бір емес, екі Абай болып өмір сүргені байқалады. Біріншісі – қарапайым өмірдегі Абай, ол өмір  күнделікті тіршілік ағымында, үйренішті қалпында жалғаса берген.  Екіншісі – рух әлеміндегі Абай, ол әлемнің ерекшелігі - тек жоғары басқыштауды талап етеді.   Екіге бөлінген жүрек Абай эволюциясына бойлау - күллі қазақ философиясы мойнына жүк

Толық оқу...

20-дәріс. ӘУЛИЕ – ХАКІМ АБАЙ

Абайдың мүлде ашылмай келген бір қыры бар болса, ол – әулиелік. Абай - хақиқатқа жеткен ойшыл, демек, ол - әулие. Осы фактіні неліктен жасырып-жабуға тиіспіз? Төменде Абайдың ақырғы жылы, соңғы күндері қалай өткеніне көз жүгіртіп, ой бөлісейік. Әулиелік жайлы түсініктер Шариғат, тариқат, мағрифат, хақиқат. Осы төртеуді мұсылмандық ілім адам баласы жетілуінің баспалдақтары

Толық оқу...

19-дәріс. КЕМЕҢГЕР АБАЙ

1900 жылдары Абай қай жағынан алғанда да кемеліне келді, кемеріне толды. Адамның кемелдігі түпкі ақиқатқа жету деңгейімен өлшенсе керек. Абай дәл солай, таным баспалдағы шыңына шығып, әлемдік жаңалықтарды ашқан хакім. Өз сөзінше, үш сипатты (ғылым, мейірім, әділет) бірдей ұстаған адам - «жәуәнмәрттілік үш хәсләттің» иесі, яғни мәрт кісі, кемел адам.   «Толық

Толық оқу...

18-дәріс. ХАКІМ АБАЙ

1898 жылдан былайғы уақытта Абайдың хакімдік қыры жарқырай көрінеді. Жалпыадамзаттық ақыл-ойдың шырағын жақты. Осы шақта Абай – хакім, әлем ойының алыбы, «алтыншы сезімнің» иесі. Оған әлденеше пәлсапалық өлеңдері, өте-мөте діни-теологиялық шығармасы - «Тасдиқ» трактаты, қазіргіше 38-ші қарасөзі бұлтартпас дәлел.  Ғажайып хакімдік еңбекке данышпан ойшыл төрт жылдай ғұмырын сарп еткен еді.   «Тасдиқ»

Толық оқу...

17-дәріс. ЖҰМБАҚ АБАЙ

Құяң қимыл, мимырт тірлік Абайға жат.  «Күн артынан күн туар, Бір күн дамыл еткізбес» (1898) деп өзі айтқандай, ақынның күллі ғұмыры арпалыспен өтті. Әсіресе, 1898 жылы өрлеу мен тоқырау кезектесіп, сүйініш пен күйініш тайталасты. Осы жылғы тосын оқиғадан кейін Абай қоштасу - реквием өлеңін жазып, онда «мен бір жұмбақ адаммын,

Толық оқу...

16-дәріс. ҚИЯДАҒЫ АБАЙ

«Абай жолының» бір тарауы «Қияда» деп аталса, ол - Абай рухани өсуінің қия-шыңына шықты дегенді білдіреді. Бірақ кім хақиқатқа жетіп, тылсым сырын ашса, сол адам жұмбақ жанға айналмақ. Қысқасы, ұлт ұстазы жалпыадамзаттың ұстазы сатысына өтті. Абай: «мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла» (1898 ж.) деуімен осыған меңзеген ғой. Қиядағы

Толық оқу...

15-дәріс. ХАЛЫҚ ҚАМҚОРЫ АБАЙ

Тағдырдың талқысы мен өмір соққысын Тәңірінің сынағы деп біліп, тәубеге келу хақ мұсылмандық белгісі. Дана Абай да Тәңірі әміріне бағынып, Әбіштің жылы өткеннен кейін, қалыпты өміріне оралады.  Төмендегі мысалдар ойшылдың халық қамқоры болғанының айғағы.   Ақылгөй  аға   1896 жылы Шыңғыстың сыртында, Жон деп аталатын кең жайлау төсіне қонған Абай ауылында  алқалы мәжіліс

Толық оқу...

14-дәріс. ҚОҒАМ ТАМЫРШЫСЫ АБАЙ

Биік мақсатқа жету қамында қоғамдық-саяси істерге табандылықпен араласқан, сол мақсатына жеткен адам  - қоғам қайраткері. Бірақ Гете, Абай сынды тұлғаларды қайраткер деу аздық етеді, олар нағыз көсем, тұтас ұлттың егелері. Абайды осынау көсемдік, көш басшылық қырынан қарастыру кезегі келді.    Құтты мекен Жидебайда 1894 жылы Абай Жидебайға біржола орнықты. Ғажабы, Абайдың мекені қай

Толық оқу...