Жұма, Қыркүйек 14, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > «Ағылшын тілінің керегі не?» дегендер қазаққа қарсы адамдар

«Ағылшын тілінің керегі не?» дегендер қазаққа қарсы адамдар

Білім беру жүйесіндегі реформалардың маңыздылығын халық әлі түсінбей отыр. Ал жастар ағылшын тілін білмесе, мемлекеттің болашағы бұлыңғыр. Сондықтан осы салада түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

«Білім беру жүйесіне тоқталайын. Біз бұл салада да үнемі реформа жүргіземіз. Аталмыш реформалар әрбір азамат үшін маңызды. Себебі, барлығымыздың да балаларымыз бар. Бірақ халық осы реформалардың маңыздылығын түсінбей отыр. Сондықтан халыққа дамыған елдерде қолданысқа енгізілген 12 жылдық білім беру жүйесінің маңыздылығын түсіндіру керек. Олар 3 тілде жаңа білім беру және ҰБТ жүйесінің не екендігін білуі керек», – деді ол.
«БАҚ және осыған жауапты министрліктің басшысы Дәурен Абаевқа тапсырған болатынбыз. Бірақ мәселе ойдағыдай шешілген жоқ. Менің ойымша, бұл бағыттағы өзгеріс дұрыс. Бірақ мұны жүзеге асыру керек. Барлығы түсінуі керек», – деді Елбасы.

Сонымен қатар, тілді меңгерудің ұлт болашағы үшін маңыздылығын баса айтты.

«Ағылшын тілінің керегі не?» дегендердің барлығы қазаққа қарсы жұмыс істейтін адамдар. «Ертеңіміз болмасын» деген азаматтар. Біз жалғыз емеспіз. 1,5 млрд-тан астам халқы бар Үндістан тәуелсіздік алған кезде барлығы хинди тіліне көшкен болатын. Олар 4 жылдан кейін қайтадан ағылшын тіліне көшті. Малайзия мемлекеті де солай істеді. Себебі, дүниедегі барлық ғылым, жаңалық ағылшын тілінде болып жатыр. Қайтеміз енді? Жастарымыз, балаларымыз ағылшын тілін білмесе, Қазақстанның болашағына кедергі болады. Осы мақсатта түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет», – деп түйіндеді сөзін Елбасы.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation