Сәрсенбі, Қараша 22, 2017
Негізгі > Жаңалықтар > Бүгін ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханның дүниеге келген күні

Бүгін ұлт көсемі – Әлихан Бөкейханның дүниеге келген күні

egemen.kz

Бүгін – алаш ардагері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның туған күні. Қазақтың ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін салған, «Алаш» автономиясын құрған әрі басқарған ұлы тұлғаның туғанына 151 жыл толыпты.

 Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылғы наурыздың 5 күні бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл – қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы Шабанбай би ауылы.

Ә. Бөкейхан – XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қатарындағы аса ерекше тұлға.

Омбы мен Санкт-Петербургте білім алған, Ресейдің Мемлекеттік Думасына мүше болған ол өткен ғасырдың басында қазақ халқының мүддесі үшін қоғамдық һәм саяси қызметтермен белсенді түрде айналысты. «Алаш» партиясын, «Алашорда» Үкіметін құруға басшы болды. Жергілікті дала қазағының мәселелерін көтеру мақсатында «Қазақ» газетін шығарды.

1917 жылы Қазақстан бойынша уақытша үкімет комиссары болды. 1917 жылдан 1920-шы жылға дейін Алаш автономиясының төрағасы қызметін атқарды. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында әдебиетпен де айналысты.

Ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.

Ұлы тұлға 1989 жылы мамырдың 14-де КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша ақталды.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation