Жұма, Желтоқсан 8, 2017
Негізгі > ○ Блогер жазбалары > Білікті маман – Дидар

Білікті маман – Дидар

Халық саулығына қалтқысыз қызмет етуді алдына нақты мақсат етіп қойған ақ халатты абзал жандар арамызда өте көп. Оларды «адам жанының арашашысы» деп те айтып жатамыз. Олар қандай құрметке де лайық. Соладың ішінде стоматолог мамандардың орны бөлек. Тіс ауруын емдеу тек қана стаматолог-дәрігерлердің еншісіндегі ерен істердің бірі. Бүгінгі күні елдің алғысына бөленіп, емдеп жүрген тіс дәрігерлерінің бірі жас маман – Дидар Сәлімұлы.

Дидар Мүталяпов 1990 жылы Шығыс өңіріндегі Тарбағатай ауданы, Тұғыл кентінде дүниеге келген. Сол жердегі орта мектепті бітірген ол Семей қаласындағы медициналық университетке оқуға түседі. Оқушы кезінен дәрігерлік мамандықты жаны сүйген. Медицина саласының маманы атанбаққа ұмтылған Дидар 2008 жылдан аталмыш оқу ордасында білім нәрімен сусындап, «денсаулық сақшысы» болуға ұмтылды. 2014 жылы медициналық университеттен стоматолог маман ретінде түлеп ұшты. Сол кезеңнен білімді түлек білікті маман атанбаққа ұмтылып Баянауыл ауданына тіс дәрігері ретінде жұмысқа қабылданды. Біз Дидар Сәлімұлымен сұхбаттасуға барғанымызда бірнеше рет ол кісімен жүздесе алмай кеттік. Таңнан кешке дейін кезекте тұрған жұртшылық бізге Д.Сәлімұлымен тілдесуге мүмкіншілік бермеді. Жұмысынан қолы босамаған дәрігер осы арқылы білікті маман екендігін көрсетті.

Еңбек жолын осы өңірден бастаған Дидар бүгінде жұртшылықтың ықыласына бөленіп келеді. 2 жылдық тәжірибесінің өзінде бірнеше адамдарға дәрігерлік көмек көрсетті. Өз жұмысына асқан жауапкершілікпен қарайтын дәрігер жұмыс барысымен де таныстырып өтті:

– Бізде тістерді ағартудың түрлі процедуралары өткізіледі. Тіс тастарын, тіс қақтарын, қызыл иек үстілік, қызық иек астылық тастарды ультрадыбыстық скаллер деген аппаратпен аламыз. Осындай қызметтер (тістерді ағарту) бірақ жиі жүргізіледі. Тістерді ағартуды профилактика ретінде жылына бір немесе екі рет жасап тұрған дұрыс. Оның адам ағзасына, тістеріне еш зияны жоқ.

Тістерді емдеуге кірісер алдында біз міндетті түрде ауырсынуды сездірмейтін дәрілерді қолданамыз. Ол ине арқылы және спрей арқылы жасалады. Спрей ол қызыл иектің беткі жағына ғана әсер етеді. Бұл әсіресе, балалардың тістерін емдеуде қолданылады. Ине салмас бұрын бірінші осы арқылы ауруды басып, содан кейін ғана ине арқылы дәрі салынады. Сол кезде балаға иненің орны сезілмейді. Балалардың тістерін емдеуде тек спреймен ғана ауырсынуды басу 6 жастан кейін тістердің физиологиялық ауысуы кезінде босап тұрған тістерді жұлуда қолданылады.

Жаңа технологиямен жабдықталып, заманға сай жасалған емханада тіс емдеудің түрлі тәсілдері жүргізіледі. «Алдын ала емделгеннің есесі кетпес» демей ме, өзін-өзі күтіну, тістеріне жақсы күтім жасау ғана аурудың алдын алады. Осы тұрғыда жас маман тіс күтімінде өзіндік кеңестерін де ұсынды:

– Баланы есін біле бастағаннан тісін тазалауға үйрету керек. Тісжегінің көптігі экологияның нашарлығынан, жерасты суларынан болып жатады. Сәбіз бен қырыққабатта тіске қажетті дәрумендер көп. Осылардан тіс механикалы түрде тазалау алады, әрі тістің түбі қатаяды. Сондай-ақ, табиғи өнімдерді, балықты көп тұтыну қажет. Балықтың құрамындағы кальций, калий тістердің сау болуына септігін тигізеді. Балаларға кальций, магний дәрумендерін беру де пайдалы. Тағы бір ескеретін жайт, тісжегі ауруына тап болған кішкентай балалардың тістерін жұлмауға тырысу керек. Одан тістің орны ығысып кетеді де, тістер қисық өседі. Негізі, баланың тісі өзі түсіп, қайтадан орнына табиғи түрде өсіп шығуы керек. Сонда ғана тістер тік, әдемі болып шығады. Сол сияқты, тісті жұлғаннан көрі, емдеу қажеттігін қаперде ұстау керек. Ал, тіс ауырмас үшін күнделікті тазартуды дұрыс жасап, тұзды сумен шайған да пайдалы, – дейді білікті дәрігер.

Балалар мен жүкті әйелдердің тістерін емдеуде өзіндік ерекшеліктері мен тәсілдері жоқ емес екен. Оның барлығын да нақты, өз орнымен орындап жүрген тіс дәрігері әрқайсысына өзіндік  келеді.

Аудан көлеміндегі тұрғындардың көпшілігі дәл осы маманның көмегіне жүгінетін көрінеді. Шалғай жатқан ауылдардан келушілердің көпшілігі асқынған аурумен келітінін тілге тиек еткен Дидар Мүталяпов оның қаншалықты зиян екенін де айтып өтті. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеудің әлдеқайда тиімді екенін жеткізді.

Дидар Сәлімұлы бүгінгі жетістігін мамандық жолындағы бастама деп біледі. «Халық артқан сенімге селкеу түсірмей, сырқатына шипа іздеген жандарға көмек көрсету парызым» – деген дәрігерге біз де толағай табыстар тілейміз.

P.S. менің Баянауылдағы жерлесім. Жат жерде жүргеніңде жерлестерің алыстағы туысыңнан да қымбат екен

 

Әлия ТАУКЕНОВА.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation