Сенбі, Қыркүйек 1, 2018
Негізгі > ○ Блогер жазбалары > «Дүлділдер дүбірі» Семейге жетті

«Дүлділдер дүбірі» Семейге жетті

 

«Дүлділдер дүбірі» Семейге жетті

Семейлік ақын Қайрат Сабырбаевтың «Дүлділдер дүбірі» атты кітабы мемлекет қолдауымен жарық көріп, республиканың барлық аумағына тарайтын мүмкіндікке ие болды. Таяуда ғана Астанадағы «Фолиант» баспасынан жарық көрген су жаңа басылымның алғашқы бөлігі автор қолына жетіп үлгерді. Дизайн мен полиграфиялық тұрғыдан өте сапалы шыққан туынды көрген жандардың көңілін шығарлықтай. 14 баспалық көлеммен шыққан жинақтың іші-сырты жұп-жұмыр.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бағдарламасы шеңберінде аталмыш туындының жарық көруі кітап авторына зор қуаныш сыйлап отыр. Ұзақ жылдан бері журналистика саласында үздіксіз қызмет етіп келе жатқан ақын Қайрат Зекенұлы мемлекеттік қолдаудың өзі секілді ел ішінде жүрген қаламгерлерді қамти бастағанына қуанышты. Дәл осы кітаптың қолына тигенше бекітілген ереже аясында баспа мен автор арасындағы байланысты тұрақты қадағалау да ескермілмей қалмаған екен. Бұл шаруаларды уақытылы жүргізіп отырған «Фолиант» баспасының маманы Эльмира Заманбектің өз ісіне жауапкершілігі кітап авторының баспа ісінің қызметіне деген ризашылығын арттырған.

Сөйтіп, «Дүлділдер дүбірі» кешелі бері Семейге жетіп, оқырмандарымен қауыша бастады. Алдын ала айтылғандай 1 желтоқсан күні сағат 16.00 де Семейдің Абай театрында салтанат құратын «Сәйгүлік сауырындағы жыр» мерекесінде «Дүлділдер дүбірінің» тұсаукесері жасалмақ. Дала көріністері мен қала тынысын, өмір иірімдерін жырына арқау еткен ақынның шығармашылық кеші көрермендеріне тұщымды дүниелер ұсынады деп күтілуде.

«Жерқйық» – ақпарат

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation