Қайтадан оралшы біздерге, Оралхан, ҰЯТТЫҢ отына өртенсін мына Жақ!
Біртуар (Оралхан Бөкейге) Ақ бас Алтайдың ақ бұрқақ Ақыны – Кербұғы секілді Қазақтың кербезі! Оғлан Ойлары тұңғиық тебіреніп, Арудай Сезімі тәкаппар еміреніп, Өзендей буырқанып тасыған арнасы; Бұрынғы Әулие, Кешегі Жыраулар жалғасы – Сұңқардай шүйіліп, Лашындай түйіліп, Тұйғындай толғанған; Тілегі Алашқа, Жүрегі Алтайға айналған, Қаламы ғарышпен сүйісіп, Кіндігі Еліне байланған – Оралхан! Шоқпардай маңдайдан шексіздік шашырап, Болмысы жаралған бір тентек Арманнан. Тылсымнан тылсымға тылсым боп жалғанған – Көкірек көзінен аққудай ақиқат
Толық оқу...