Ең алдымен интернет порталдар, одан кейін әлеуметтік желілерде шиеленісіп кеткен «Жұлдыздың» жағдайы қазір қал үстінде. Беті бері қарай қоймаған Баян Есентаеваны tengrinews.kz пен nur.kz жарыса жазып жатыр. Біздің айтпағымыз «Ол» емес. Және ол оқиғаның қалай, қайтып орын алғанын да зерттегелі отырған жоқпыз. Ендеше, мынаған қараңыз.
«Баянды» өмір мен «Баянсыз» өмір қандай?
Дәрігер: «Оң динамика бар, әрине, бірақ әзірше бұлай айтуға ерте. Бесінші тәулікте жағдайы жақсаруы мүмкін» деп айтқан екен жоғарыдағы БАҚ өкілдеріне.
Демек, дәрігер айтқан межеде Баянның беті бері қарайды немесе керісінше (Құдай бетін ары қылсын).
Бұған дейін хабарланғандай, ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжің Құлжа тасжолында болған. Алматы облысының полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 128-бабына сәйкес Бақытбек Есентаевты ұстады.
Ал, ары қарай не болмақ? Науқастың беті бері қарап, құлантаза бой түзеп кетсе, ертеңгі күні мына халық: «Баян күйеуінен кек алғалы жатыр», «Баян күйеуін кешіріпті», «Баян күйеуін сотқа қайта бергелі жатыр» деп лек легімен жарыса жазады бұйырса. Ал, беті бері қарамаса ше?..( бетін ары қылсын). Бірақ сіз ойлап та қойдыңыз ғой… Ендеше айтыңыз. Иә, беті бері қарамаса, төмендегідей болады.
Енді ФБ білгірлері не деп жатыр екен. Оқыңыз:
Индира Кареева:
«Баян Есентаева бəлнеске түспесе, айтатын əңгіме таппай қалады екенсіздер, ə?! Оның шорти киетінін, орамал тақпайтынын, рекламаға түсетінін бұрын білмей келіпсіздер. Мұндайда қазақ айтады «Құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайды» деп 😒 Ұят қой, құрсын! Қойсаңыздаршы! Адам хал үстінде, өмір мен өлімнің арасында жатса, мұнда сыртынан түрлі əңгіме өріп… Алай-бұлай боп кетсе, күнəсін арқалап қаласыздар ғой. Ұят». (жазба Индира Карееваның ФБ парақшасынан өзгеріссіз алынып отыр)
Түрлі пікірлерден түйіңіз:
С.Т.: Адам тірі уақытында кемшілігін айтады. Ал, өлгеннен кейін «Әй, жақсы адам еді» дейміз.
Т.Т.: Алла амандығын берсе екен. (Мұңайған күлегеш бар)
Ал, мына бір сурет, яғни, ақын Саят Әбеновтің өлең пікірлердің ең жоғарғы көрсеткішін жинап жатыр. Бірі жақтап, сауығып кетуін тілеп жатса, біреу көңіліндегі көмескі ойдың шаңын қағып жатыр.
Біздің ой – анау дұрыс айтты, мынау бұрыс айтты деу емес. Пікірлердің таразысына түскен қол-аяғы сау, жүгіріп жүрген Баян ғой. Ал, дәл қазіргі уақытта жан сақтау бөлімінде жатқан Баян не ойлап, не түйіп жатыр екен?..
Кез-келген тағдыр тәлкегіне түскен пенде үшін (Баян ғана емес) өз өмірінің «Баянды» немесе «Баянсыз» болғанын ой елегінен өткере салу ұшін 5 күн тұрмақ, бес секунд та жетіп жатыр…
Ал, қадірменді оқырман! Сізді алдағы өміріңізде не күтіп тұрғанын білесіз бе? Болашағыңыздың баянды немесе баянсыз боларын сіз де білмейсіз.
Білгіңіз келе ме? Ол үшін алып ұшып уақытпен жарысудың түк керегі жоқ. Жәй ғана өткен ізіңізге бір қарап алыңыз…
Айтпақшы, Баянға баянды ғұмыр тілейік!
«Жерұйық» сайты үшін
Айқынның Жұмашы