Қазақстанда бірқатар сайт жұмыс істемей тұр

Қазақстанда бірқатар сайт жұмыс істемей тұр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның ішінде, Vesti.kz спорт жаңалықтары сайтына кіру мүмкін болмай отыр.

«Ақау бізден болды. Бұл желіге қосылатын құрылғымен байланысты. Ақауды жою үшін тағы бірнеше уақыт керек», — деді «PS интернет-компаниясының» бас директоры Никита Красулин.

Ол нақты қандай сайттардың істемей тұрғанын атамағанымен, көптеген сайтқа кіру мүмкін болмай тұрғанын ескертті.

«Біз хостинг сататын компаниямыз. Бізде интернет-провайдерлерге қосылу мүмкіндігі қарастырылған орталық бар. Қазір бұл орталық жұмыс істеп тұр, ақау Интернеттен. Интернет-провайдермен байланысқан желі қазір өте нашар жұмыс істеп тұр», — деді ол.

Pin It

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *