«Естелік вахтасына» қатысушылар ШҚО ауылдарында болды

ШҚО Ұлан ауданының  Герасимовка, Украинка, Саратовка, Донское, Восточное және   Таврия  ауылдарында мұражай-қорық  ұйымдастырған «Естелік вахтасы» акциясы өтті.

Мұражай қызметкерлерімен бірге патриоттық турға «Есте сақтаймыз және мақтан тұтамыз!» жылжымалы фото көрмесі мен «Орыс әні» хоры аттанды. Сапар барысында мемориалдық-сәулет нысандары — ҰОС қатысқан ауылдықтарға орнатылған ескерткіштер мен зираттардың болуы мен сақталуы, оны іздеу жұмыстарына жастар  қаншалықты қатысатыны  жайлы ақпараттар жиналды.

 «Естелік вахтасы» ұйымдастырушыларын әр ауыл жылы қарсы алды. Тұрғындар фото көрмемен танысты, концерт тамашалады. Соғыс, тыл ардагерлері естеліктерімен бөлісті.

«ҰОС жеңісі халықтың бірлігінің арқасында келгенін ұмытпауымыз қажет. Елінің патриоты болу арқылы, жұмыла бірігу арқылы еліміз — Қазақстанның гүлденуі жолында қойылған мақсаттарға қол жеткіземіз!», — деп атап өтті Восточное ауылы  әкімдігінің өкілі А. Самбұсынов.

Pin It

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *