Бейсенбі, Қараша 23, 2017
Негізгі > ○ Блогер жазбалары > 22 наурыз. Сценарий

22 наурыз. Сценарий

«ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – ӘЗ-НАУРЫЗ»

 

 

Өткізілетін орын:

Жауапты қызметкерлер:

 

1-жүргізуші:

Сайдан аққан сезіледі бұлақтан,

Бүршік жарған сезіледі құрақтан,

Күндей күліп әз Наурызым келеді,

Жаралғандай жан ерітер шуақтан,

Әз Наурызың құтты болсын, ендеше,

Аңсап күтіп, барша адамзат ұнатқан!

Ассалаумағалейкум, жамағат! Армысыздар, бүгінгі ұлыстың ұлы тойын тойлаған жаны жайсаң, жүрегі мейірімге толған жандар!

 

2-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қонақтар, әріптестер!

Күн мен түннің теңескен көктем мерекесі, жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт, жастық пен жаңару мерекесі, бүкіл әлемге береке-бақыт пен бейбітшілік дарытқан Ұлыстың Ұлы күні әз-Наурыз құтты болсын, ағайын!

 

1-жүргізуші:

Күншығыстың наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп, жылғалардан су ағып, бәйшешек гүл атып, Күннің көзі күллі ғаламға нұрын шашып, сәулесін төгіп, Табиғат-Ана бусанатын көктем айы – табиғат мейрамы.

Осындай даналықтың берекелі мейрамы Наурыз, мінекей, бізге де келіп жетті. Ендеше, төрлет, елімізге құт-береке дарытқан әз-Наурыз!

 

2-жүргізуші:

Ендеше, бүгінгі мерекеміздің алғашқы құттықтау сөзі мекемеміздің басшысына … беріледі.

 

 

Ән-«Наурыз». Орындайтын –

 

 

 

 

1-жүргізуші:

Тамашаға толтырып тұнық төрді,

Жетті Наурыз үкілеп үміттерді.

Барша үйге бақыт боп, береке боп,

Жанарынан нұр шашып, күліп келді.

 

2-жүргізуші:

Шалқы, қазақ даласы, шалқы бүгін!

Жетсін тағы әлемге даңқың, үнің.

Тойлап жатыр мәрт көңіл менің елім,

Төгіліп тұр көзіңнен жарқын нұрың.

Наурыз тойы жылдағы дәстүр бойынша биыл да тарихы терең мекемемізде өз жалғасын тауып отыр. Бүгінгі тойға ұйытқы болған барша әріптестерімізге алғыс білдіреміз.

 

1-жүргізуші:

Шарттармен таныстырып өтсек:

I-кезең.

Ұлттық ойындар кезеңі.

-Қара жорға биі;

-Арқан тартыс;

-Қол күрес;

-Асық ойнау.

 

II-кезең.

Көрініс көрсету кезеңі.

Бұл кезеңде әр бөлім өз өнерлерін паш етеді. Соған орай 1,2,3 орындар иеленеді және арнайы сыйлықтар беріледі.

 

III-кезең.

Асқа отыру.

Бұл кезеңде әріптестеріміздің ақ тілегі айтылып, сіздерге арнап дастархан жайылады.

 

1-жүргізуші:

Құлшынбас нала-түнекке,
Түсіндім самал сөзінен:
Көктем бар əрбір жүректе,
Көрінбес пенде көзімен.
2-жүргізуші:

Содан ба, өмір бағында,
Кетпейді көзден ауық нұр.
Ақ қайың алақынында,
Бір ғұмыр бүршік жарып тұр.

 

1-жүргізуші:

Құрметті ағайын, қадірменді қонақтар. Қазақтың дастарханы тек қана жақсылыққа жайылып, ұлыс оң, ақ мол болсын! Ақ түйенің қарны жарылған бақытты күнде әр шаңырақтың қазаны ортаймасын. Ескі жыл есіркеп, жаңа жыл жарылқасын!

 

2-жүргізуші:

Шаттан, Алаш! Шаттан, қазақ! Дүбірлетіп той жаса. Бөркіңді аспанға атып, көңіліңнің түңлігін аш! «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деп Абай атамыз айтқандай, әр қазақты құшақтап, наурыз мекесімен шын жүректен құттықтағын!

 

1-жүргізуші:

Осымен ____________ ұйымдастыруымен өткен «ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ   ӘЗ-НАУРЫЗ» » атты мерекелік кешіміз аяқталды.

 

2-жүргізуші:

Келесі кездескенше, аман-сау болыңыздар!

“Жерұйық” порталы

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation