Жексенбі, Тамыз 19, 2018
Негізгі > ○ Блогер жазбалары > Әлихан Бөкейханұлына

Әлихан Бөкейханұлына

Алаш үшін атқа қонған арысым,

Қара қазан, қара бала қамы үшін.

Елің үшін жаратылған ұл едің,

Найзағайдай жарқылдаған намысың.

Қасқыр мінез арыстан жал текті едің,

Аңсап өткен азаттықтың көктемін.

Алынбаған қамалдарың көп сенің,

Қазақ үшін белгілі тер төккенің.

Арысым-ай арлан едің рас сен,

Таң бозында жортатұғын қыратпен.

Қазақтықтың, азаттықтың жолында,

Құрбан болып кеткенің-ай тым әттең.

Қарар болсақ тарихқа мән беріп,

Атамыздан арда туған арлы едік.

Тізгініңді жатқа бермей жүргенде,

Шылбырыңды қиып кетті жау келіп.

Сен аңсаған, сен ұмтылған нұрлы күн,

Қара түннен ашты бүгін түндігін.

Ұрпақтары ұлғатты ұлының

Жоғалтпайды әрқашанда бірлігін.

Қабдуәли

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation