Елімізде коронавирустан қайтыс болғандардың саны 30 адамға жетті

113

Қауіпті инфекцияны 4298 адам жұқтырды,  оның 754-і Нұр-Сұлтан қаласында, 1392-сі Алматы қаласында. 1299 адам сауығып шықты

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан тағы бір адамның қайтыс болғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен  қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, бүгін қайтыс болғандардың қатарына тағы бір адам қосылған.

«Иә, Қазақстанда коронавирустан 30 адам қайтыс болды. Бүгін статистикаға тағы бір адам қосылды. Ол жайында тағы қосымша хабарланады», – деді Сұлтанғазиев бүгінгі онлайн брифингте.

Айта кетейік, соңғы мәлімет бойынша Қазақстанда індетті жұқтырғандардың саны 4 298 адамға жетті. 1 299 науқас жазылып шықты.

Сілтемеsputniknews.kz

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз