Е.Сайров. Пандемия нені көрсетті?

85

Пандемия ең бірінші мемлекеттігімізге сын.

Пандемия нені көрсетті?

Мемлекеттік институттардың халықтың мұң мүддесі мен қоғамның діттегенін дөп басуға қабілеті төмендігін анықтап берді.

Біз мемлекет халықтан тұратындығын, азаматтардың мүддесі, олардың өмірі ең басты құндылық екендігін әрқашан басты назарда ұстауымыз қажет.

Дегенмен, азаматтар басты назарда ұстайтын тағы бір негізгі аспект бар.

Иә, демократия керек, плюрализм басты бағыт, либерализм қажетті құндылық.

Біздің идеалымыз осы қоғамдық теориялар.

Бірақ, бұл құндылықтар қазақ мемлекетінің уықтары ғана. Егерде Қазақстан мемлекеті болмаса, бізге демократияның қажеті қанша?

Сондықтан, менің ойымша, барлық саяси ағымдар, азаматтық бағыттар, саяси әр- алуандықтан тыс, жоғары тұратын мемлекеттік принциптері тұрғысынан ойлауы шарт. Иә, біз әр түрліміз, ойлау мәнерімізде өзгеше, бірақ, мемлекеттік мүддеге келгенде біз біргеміз, ықпалдастығымыз жоғары.

Демократияға, саяси әр- алуандыққа деген сұраныс мемлекетке қарсы емес, керісінше, мемлекетіміздің шаңырағын биіктетіп, фундаментін тереңдетудің тәсілі.

Қазақта Қазақстаннан басқа мемлекет жоқ.

Нигилизм, азаматтық алакөзділік, текетірес психологиясы ұлттық тұйыққа алып келеді, бұл анық.

Ықпалдастық, ынтымақ, бауырластық даму бастауы, прогресстің қайнар бұлағы!

Қазір қарасаң, адамдар адым жасаса қаржы мәселесін ойлайды.

Менің ойымша, мына сұмпайы вирусты жеңу үшін, баршамыз өмір сүруге деген талпынысымызды, құлшынысты арттыру керек. Кішкентай қуаныш сәттерін жасау, өмірдің өзіне қуанып, бақытты бола білу өте маңызды тәрізді.

Көптеген адамдар күнделікті, күйбің өмірден шаршаған. Бізге бірге болу, өзара көмек, қуана білу жетіспейді.

Өмір дегеніміз әр бір тірі жанға берілген бірегей, жұмбақ, бірақ қайталанбас құбылыс. Құлан таза жүргенде, сырқаттанып қалғанда осыны ұмытпау керек. Сен кедейсің бе, жұпыны өмір сүресің бе, байсың ба, барлығымыз бір өмір сүрудеміз, өмірдің мәні кішкентай нәрседен бақытты бола білу.

Өмірге деген талпыныс сезімін ояту керек. Қазір жетіспей тұрған рухани иммунитет осы.

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз