Мамин шекараны мықтаймыз деді…

868

Бүгін белгілі болғандай, Қазақстанда шекара бойында тұрған 217 ауыл бұдан былай стратегиялық ауыл деп танылатын болды.

Бұдан бұрын сенаторлардың бір тобы шекаралық аймақтардан тұрғындардың, әсіресе жастардың көптеп қоныс аударуы, қолынан іс келетін кадрлардың қала сағалап кетуі, т.б. келеңсіз жәйттердің өздерін алаңдатып отырғанын мәлімдеп еді. Осыған байланысты сол аймақтарда тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму белдеуін құру туралы жолданған депутаттар сұрауына премьер-министр Асқара Маминның мынандай жауабы жарияланды:

-Дамуы күшейтіле түсетін ауылдардың тізіміне 900-ден астам шекаралық ауылдар енгізілді. Бұлардың 700-і тірек және серіктес ауылдар болса, мемлекеттік шекарадан 25 шақырымдық аумақта орналасқан 217-сі стратегиялық ауыл болып табылады. Оларды одан әрі дамыту “Ауыл — Ел бесігі» және басқа да мемлекеттік бағдарламаларда қарастырылған. Аймақтарды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдаралмасында шекара шебіндегі аумақтарға айрықша көңіл бөлінеді.

«Жерұйық» ақпараттық порталы.

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз