Бір азаматтан 5 млрд доллар табылды. Демек 2-3 байды қысып кеп жіберсе бүкіл халықты риза қылатын баспана, несие сынды талай әлеуметтік мәселені шешуге болады.
Маған үнемі Қазақстанның екі бюджеті бардай көрінеді. Біріншісі біз білетін бюджет. Екіншісі олигархтардың бюджеті. Себебі 1991 жылы бәріміз кедей болып кеңес елінен бөлініп шықтық. Қазақстанда ешкім 1960-1970 жылдары атам капиталист болған деп айта алмайды. Ештеңе өндірмей табан астында байып кеткендер көп қой.
Әлеуметтік әділетсіздікті жоймай бізде тыныштық орнамайды. Әр жыл сайын сенім мәселесі кері кеткені кеткен. Әділдікті орнатпаса көп дүние ұзақ тұрмайды.
Бақытжан Серікбаев.