Колумбияның оңтүстік-батысындағы Мокоа қаласында лай көшкіні жүріп, 254 адам ажал құшты. Тағы 400-ден астамы түрлі дәрежеде жараланған. Ізім-ғайым жоғалып кеткендер бар. Алайда олардың нақты саны әзірге белгісіз. Табиғи апатқа су тасқыны себеп болды. Өңірдегі үш бірдей өзен арнасынан тасыған. Лай көшкіні түнде жүргендіктен, ұйқыда жатқан тұрғындар дер кезінде әрекет ете алмапты. Қазір қалада іздестіру-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Оған мыңнан аса полицей мен сарбаз тартылды. Осы ретте көрші ел Венесуэла билігі жауынгерлерін көмекке жіберетінін айтты. Сондай-ақ Еуроодақ өкілдері де марқұмдардың жақындарына көңіл айтып, жәрдемдесуге әзір екенін жеткізді.
Жергілікті тұрғын:
– Мен мұнда туыстарымды іздеп келдім. Өкінішке орай, олар жайлы еш хабар жоқ. Не істерімді білмей, әбден әбігерге түстім. Табиғи апаттың ауқымын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
www.24.kz Rasheem Green Jersey