Киіктерге ерекше бау тағылмақ

247

Киелі киіктерді қорғау мақсатында оларға спутниктік бақылау жүйесі бар бау тағылады. Бұл үрдіс жануардың қай бағытты мекендеп, қай жақта жүргенін анықтауға мүмкіндік береді. Жағымды жаңашылдықтың оң тұстары жайлы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев айтып берді. Жоспарды жүйелі жүзеге асыру үшін «Каспий Құбыр Консорциумы» 20 млн теңгеден астам қаржы бөлген. Тыңға түрең салған спутниктік баулар 2-2,5 жылдан кейін өздігінен тарқатылып түсіп қалады. Оны кейін қайта қолдануға болады. Бүгінде елімізді мекендейтін бөкендердің саны – 108 мың бас.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

– Киіктерге тағылатын бұл спутниктік бау олардың қай жерді мекендеп жүргенін анықтауға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, жүргізіліп жатқан шараларға қарамастан, былтыр браконьерліктің 50 дерегі тіркеліп, 1419 киіктің мүйізі тәркіленді.

www.24.kz Jonathan Allen Womens Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз