Шығыс Қазақстан облысында дала өрті өршіп тұр. Солтүстік пен Орталық Қазақстанның жұрты тасқын судың зардабын шегіп отырса, өскемендіктер қурап қалған даладағы ескі шөптің түбір өртенгенін айтып дабыл қақты. Қазірдің өзінде Металлург ауылы мен Шешек шатқалының маңындағы жерлер жанып кеткен. Тауда басталған өрт жазық далаға дейін жетіпті.
«КТК» арнасының хабарлауынша, қураған шөп қаулай жанып, қатты соққан жел жағдайды одан сайын қиындатқан. Соның салдарынан қызыл жалын үлкен аумаққа таралып үлгерді. Тілсіз жаумен арпалысуға 25 өрт сөндіруші мен 4 арнайы көлік жұмылдырылып, түс қайта өрт ауыздықталды. Өңірде әлі күн ысымағандықтан, бұл жағдай адамдардың салғырттығынан болуы мүмкін деген болжам бар.
– Өрт ошағына арнайы көлікпен жету мүмкін болмады. Себебі, шатқалда көлікке арналған жолды айтпағанда жаяу жүрудің өзі қиын. Асулардың арғы жағындағы жағдайды болжай да алмай тұрмыз. Дегенмен өрт сөндіріліп, онда кезекші топ қалдырылды, Өскемен қалалық №3 өрт сөндіру бөлімшесі бастығының орынбасары Павел Ларионов. Tom Savage Authentic Jersey