Өзен жағасында жоғалып кеткен 9 жасар баланың мәйіті табылды

270

Ақтөбеде өткен аптада жоғалып кеткен 9 жасар Біржан Ерсайыновты көпшілік жабылып іздеген еді. Құтқарушылар мен полицияға баланың туыстары мен еріктілер де қосылды. Ал оқушының денесі жоғалып кеткен жерінен 800 метр қашықтықтан табылған.

Өзен жағасында жоғалып кеткен 9 жасар баланың мәйіті табылды
Сурет – diapazon.kz

Бұл туралы «Диапазон» газеті хабарлады.

Бұрын хабарлағанымыздай, Жаңа орта мектептің 4-ші сынып оқушысы Біржан Ерсайынов 13 сәуірде үйінен ойнауға шығып кеткеннен кейін оралмаған еді. Оны көршілердің балалары соңғы рет Жіңішке өзеніне қарай жүгіріп кетіп бара жатқан жерінен көрген. Жеткіншек содан бері табылмай жатқан болатын.

Құтқарушылардың айтуынша, бала су бетіндегі мұзға секіріпті. Күн жылылау болғандықтан, мұз бөлініп қалып, оны ағысқа қарай әкетіп қалған. Ramik Wilson Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз