Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдерімен кездесті, – деп хабарлайды «Жерұйық» порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары М.Тәжин, Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Е.Маямеров, имамдар – К.Дүйсенбай, Н.Есмағанбет, Н.Ауысханұлы, А.Керімбек, Т.Оспан қатысты.
Елбасы қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан халқының өмірінде діннің ерекше рөл атқаратынын атап өтіп, мемлекет тарапынан діни қарым-қатынастарды реттеу үшін қабылданып жатқан шараларға тоқталды.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы күрестегі өзара іс-қимыл мәселелері жөніндегі ойларын ортаға салды.
ҚЫСҚА #БАЛАҚ, ҰЗЫН #САҚАЛ, ҚАРА #ЖАМЫЛҒЫ КИГЕН ӘИЕЛДЕРІ БАР ДІН АҒЫМЫНА ТИЫМ БОЛАТЫН СЕКІЛДІ
Опубликовано Қазақ Алашұлы Среда, 19 апреля 2017 г.