Brent маркалы мұнай бағасының баррелі қараша айынан бері алғаш рет 49 доллардан асты

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі өткен жылдың қараша айынан бері алғаш рет  49 доллардан асты.

Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың шілдедегі фьючерстері мәскеу уақытымен сағат 15:12-ге қарай баррелі 49,03 долларға дейін көтерілді.

Нью-Йорк сауда биржасындағы (NYMEX) электрондық саудада WTI маркалы мұнай фьючерстерінің маусымға белгіленген бағасы аталған уақытқа қарай  баррелі 47,27 долларға дейін өскен.

Сарапшылар баға белгіленімі өсуінің негізгі себебін Goldman Sachs есебінің жариялануымен байланыстырып отыр. Онда мұнай нарығында Нигерия мен Канададан жеткізілімдердің іркілістері және Қытай мен Үндістанда  сұраныстың жоғарылығына байланысты ұсыныс тапшылығының байқалып отырғаны айтылады.

Pin It

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *