Сенбі, Қыркүйек 8, 2018
Негізгі > Руханият > СЕМЕЙДЕ АЛАШ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛАДЫ

СЕМЕЙДЕ АЛАШ МҰРАЖАЙЫ АШЫЛАДЫ

Алаш қозғалысының 100 жылдығы қарсаңында, 6 тамыз күні Семей қаласының Абай атындағы кітапханасында алқалы жиын өтіп, Алаш мәселесі  тағы бір мәрте ортаға салынды,-деп хабарлайды zheruiyq.kz тілшісі.

 Жиынға Алаштанушы Айдын Рысбекұлы мен кәсіпкер, «Eurasia Agro Holding»-тің бас директоры Мұқашев Балтабек Құмарұлы қатысып, Семей кәсіпкерлерімен, зиялы қауыммен кездесті.

А.Рысбекұлы Семей қаласында Алаш мұражайын ашу мәселесі және оған құнды материалдарды жинау жөнінде кеңінен тоқталды. Сонымен қатар, мұражайды құрғаннан кейін құнды ақпараттармен толықтыруда 3D пішімінде түрлі бейнелерді жасауға болатындығын да атап көрсетті. Шараға қатысқан кәсіпкер, «Eurasia Agro Holding»-тің бас директоры Мұқашев Балтабек Құмарұлы Алаш мұражайын құру мәселесі жөнінде өз ойын ортаға салып, Семей қаласында мұндай тарихи үйдің бой көтеруі маңызды екендігін айтты. Алаштанушы Қ.Нұрқасым Алаш мұражайын ашу үшін Семей қаласында күні бүгінге дейін сақталған маңызды тарихи ғимараттардың бар екендігін айтып өз пікірін білдірді.

Жиынға қатысушыларға болашақ мұражайдың тұжырымдамасы таныстырылып, кітапхана ұжымы жасап жатқан «Алаш арыстары» электронды кітапханасын жүзеге асыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстары да көпшілік назарына ұсынылды.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation