Құрметті әдебиетсүйер қауым! 2016 жылғы 4 қараша күні сағат 16.00-де Алматы қаласындағы «Әдебиетшілер үйінде» белгілі ақын, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Әділбек Ыбырайымұлының «Құс жолындағы жыр» атты әдеби-сазды шығармашылық кеші өтеді.
Шараны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Жазушылар одағы ұйымдастырып отыр.
Кешке елімізге танымал әншілер мен күйшілер, басқа да өнер адамдары қатысады деп жоспарланған.