Жексенбі, Қыркүйек 9, 2018
Негізгі > Пайдалы кеңестер > Керек дерек > Табылды Досымовтың тас мүсіні

Табылды Досымовтың тас мүсіні

14731269_306306599762398_6037567247014066187_n

Оны жылыойлық танымал мүсінші Серік Мәтениязов сомдаған екен. Дарынды мүсінші және суретші Серік Мәтениязов өзінің Фейсбук желісіндегі парақшасында жағымды жаңалығымен бөлісіп, арнайы сурет жариялады,-деп хабарлайды Жерұйық сайты Жылыойдың Жастар орталығына сілтеме жасап.

Суретте ол өзінің көпшілікке беймәлім туындысының қасында тұр. Бұл туынды- «…Атырауға апарар ма ем бір тауды» деп армандаған саңлақ ақын, атақты бард Табылды Досымовтың кеуде мүсіні. Кезінде Дендерінде елеусіз қалған тума талант есімі өзі өлген соң күллі қазақ еліне танылды. Хас таланттың бағы тек уақыт өте келе жанады, себебі тірі кезінде осы мен атымды танытайыншы деген пендешілік ой баладай сенгіш , кәусар жанның басына келмесі анық. Оның үстіне талантын күндеп, аяқтан шалатын, көре тұра , тап басып тани тұра қасақана мойындамайтын іші тарлар да көп. Мәңгілік өміріне аяқ басқан Табылды ақынға арнап ескерткіш сомдаған мүсіншімен телефон арқылы тілдестік .
– Осыдан екі-үш жылдай бұрын Атырау қаласында Табылды ақынның шығармашылығына арналған еске алу кеші Махамбет атындағы театрда өтті. Менің де қосқан аз ғана үлесім болсын деп осы кеудемүсінді жасап, алып бардым. Қазір бұл мүсін «Ақ желкен» шығармашылық орталығының залында тұр,- деді С. Мәтениязов. Серік белгілі ақын Хамит Ерғалиевтің бюстісін жасап, ол қаламгердің туған жері Исатай ауданына қойылған болатын.
Жерлесімізге «Шабытың шалқи берсін!» дейміз.


С.Тәжіқызы

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation