Тақырып: 10 ғасыр бұрын: Елбасы...
Мақала мәтіні:
Осыдан 10 ғасыр бұрын Жүсіп Баласағұн «Елбасы қандай болу керек?» деген мәселе көтерген. Және оның жауабын «Құтадғу білік» еңбегінде өте керемет түсіндірген. Сонда Елбасыға: «халық үшін мына үш нәрсені орында» дейді.

1–Елде алтын, күміс таза болсын. Яғни, жалған ақша болмасын дейді.
2–Елде әділ заң болсын. Яғни, қазіргі тілмен айтқанда құқықтық мемлекет болсын. (Ертеде құл иеленуші елдердің көбінде ақсүйектер мен шаруаларға бөлек-бөлек заң болған).
3–Елде қарақшы, ұры болмасын. Қазіргі тілмен айтқанда, "бандитизм" болмасын дейді.
Бұдан соң «халық та Елбасының алдында мына үш міндетін орындасын» дейді.
1–заңға бағынсын.
2–салықты уақытылы төлесін, салық төлеуден жалтармасын.
3–сенің досыңды дос, дұшпаныңды дұшпан деп білсін дейді.
Он ғасыр бұрынғы бабаларымыздың аманатын бүгінде қаншалықты сақтай алдық? Оны өзімше пайымдап көрсем.
Елбасы міндеті:
1) Елімізде жалған ақшаның жасалуына тиым салынған. Яғни, біреу соны жасаса, заңмен жазаланады.
2) Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. (ҚР конституциясы 14-бап, 1-тармақ).
3) Кеңес үкіметі тұсында басталған «бандитизм» тәуелсіздіктің біраз жылдарына дейін болғаны рас. Қазір Аллаға шүкір.
Ал, біз...
1) Заңғы бағынуға тырысып жатырмыз. Кейде бағдаршамның қызылынан өтіп кетіп, жаяу жүргіншіге жол бермей қаламыз. Ірілерін айтпағанда...
2) Салықты да уақытылы төлеуге тырысып жатырмыз. Алайда, республика бойынша төленбеген салықтың көлемі көп нөлі бар үлкен цифрға айналғаны да рас. (бұл туралы Олжас Отар жездем жақсы біледі)
3) Бұған да тырысып жатырмыз... алайда, Елбасының досын дос, дұшпанын дұшпан деу қолымыздан келмей жатқан секілді ма деп ойлаймын. Шалкиіз жырауша:
«Саған дұспан – маған жау,
Керекті күні алдыңда
Ғазизлеген сұлтан жаным аяман!!» деп айтуға неге ауызымыз бармайды?

P.S. Айтулы күннің қарсаңында ойыма түскесін бөлісіп жатырмын. Еліміз тыныш, Елбасымыз аман болсын!

Бекарыс Нұримановтың ФБ парақшасынан

Осыдан 10 ғасыр бұрын Жүсіп Баласағұн «Елбасы қандай болу керек?» деген мәселе көтерген. Және оның жауабын «Құтадғу білік» еңбегінде өте керемет түсіндірген. Сонда Елбасыға: «халық үшін мына үш нәрсені орында» дейді.
1–Елде алтын, күміс таза болсын. Яғни, жалған ақша болмасын дейді.
2–Елде әділ заң болсын. Яғни, қазіргі тілмен айтқанда құқықтық мемлекет болсын. (Ертеде құл иеленуші елдердің көбінде ақсүйектер мен шаруаларға бөлек-бөлек заң болған).
3–Елде қарақшы, ұры болмасын. Қазіргі тілмен айтқанда, “бандитизм” болмасын дейді.
Бұдан соң «халық та Елбасының алдында мына үш міндетін орындасын» дейді.
1–заңға бағынсын.
2–салықты уақытылы төлесін, салық төлеуден жалтармасын.
3–сенің досыңды дос, дұшпаныңды дұшпан деп білсін дейді.
Он ғасыр бұрынғы бабаларымыздың аманатын бүгінде қаншалықты сақтай алдық? Оны өзімше пайымдап көрсем.
Елбасы міндеті:
1) Елімізде жалған ақшаның жасалуына тиым салынған. Яғни, біреу соны жасаса, заңмен жазаланады.
2) Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. (ҚР конституциясы 14-бап, 1-тармақ).
3) Кеңес үкіметі тұсында басталған «бандитизм» тәуелсіздіктің біраз жылдарына дейін болғаны рас. Қазір Аллаға шүкір.
Ал, біз…
1) Заңғы бағынуға тырысып жатырмыз. Кейде бағдаршамның қызылынан өтіп кетіп, жаяу жүргіншіге жол бермей қаламыз. Ірілерін айтпағанда…
2) Салықты да уақытылы төлеуге тырысып жатырмыз. Алайда, республика бойынша төленбеген салықтың көлемі көп нөлі бар үлкен цифрға айналғаны да рас. (бұл туралы Олжас Отар жездем жақсы біледі)
3) Бұған да тырысып жатырмыз… алайда, Елбасының досын дос, дұшпанын дұшпан деу қолымыздан келмей жатқан секілді ма деп ойлаймын. Шалкиіз жырауша: