Жексенбі, Ақпан 25, 2018
Негізгі > Жаңалықтар > Азамат Қасым: ҚАЗАҚ НЕГЕ КӨБЕЙМЕЙ ЖАТЫР?

Азамат Қасым: ҚАЗАҚ НЕГЕ КӨБЕЙМЕЙ ЖАТЫР?

Нұртөре Жүсіп ағамыз “Айқында” шыққан “Иман ұйыған Иран” атты жолсапарында Иран халқының саны 1979 жылы 35, қазіргі уақытта 80 миллион болып отырғанын жазыпты. Яғни, олар 45 миллионға өскен. “Адырна” журналына берген сұхбатында жазушы Дулат Исабеков Тәуелсіздік алған жылдары өзбектердің саны 21 миллион болғанын, қазір 32 миллионға жеткенін айтыпты. Демек, ала шапанды ағайындар 11 миллионға көбейген. Біз ше? Біздегі жағдай өздеріңізге белгілі. Қуанып айтатын ештеңе жоқ. Тәуелсіздіктің 25 жылындағы жіберген бір кемшілігіміз, осал, олқы тұсымыз осы ма деп ойлаймын. 

Былай қарасаңыз, Қазақстанның Иран мен Өзбекстаннан еш жері кем емес секілді көрінеді. Жағдайы да тәуір. Мұнайы да, басқасы да бар дегендей. Сонда не жетіспейді? Меніңше, бізге Иранның иманы мен өзбектердің тәрбиесі, ұлтжандылығы жетіспейтін секілді. Сіздер қалай ойлайсыздар? Қазақ неге көбеймей жатыр? Көбею үшін қайтпек керек? Біз қашан 30, 80 миллионға жетеміз?

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation