Ақтөбеде бір жасқа толмаған бөбекті анасы жатақхана дәлізіне тастап кеткен, – деп хабарлайды КТК арнасы.
Он бір айлық Нина қазір облыстық балалар ауруханасында жатыр. Оны тексеріп шыққан дәрігерлер еш жері ауырмайтынын айтады. Тек тастап кеткен “көкек” анасы оны емшектен шығармаған сияқты. Сондықтан шешесін емгісі келетін бөбек тоқтаусыз жылаумен жүр. Оны дәрігерлер мен сондағы науқас балалардың аналары кезекпен көтеріп қолдан түсірмейді. Ал тәртіп сақшылары кішкентай Нинаның атасы мен әжесін тапқан. Бірақ олар немерелерін алып кетуге құлықсыз. Анасы болса, ұшты-күйлі жоқ. Сондықтан балалар ауруханасының басшылары кішкентай қызды сәбилер үйіне өткізбекші.
Жанар Әлниязова, Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі:
-Баланы толық медициналық тексеруден өткізіп, сәбилер үйіне жібереміз. Денсаулығы жақсы. Есін біліп қалған бала болған соң анасын іздеп жылайды. Сүт қоспаларын беріп бағып отырмыз.
PS. Көкек жайлы мысал видеоны көріппе едіңіз. Мейірім, махаббат, сенім, тазалық, адалдық деген ұғымдардан ажырамайық, ағайын.