Сәрсенбі, Тамыз 22, 2018
Негізгі > Бас баған > «Мәңгілік Ел» идеясындағы медиапсиxологияның рөлі

«Мәңгілік Ел» идеясындағы медиапсиxологияның рөлі

Жалпы, медиапсихология дегеніміз – медиа саласында қолданыстағы ақпараттардың қоғам психологиясына әсерін айтады. Бұл үлкен мәселе әрі жеке тақырып. Сондықтан, «Мәңгілік Ел» идеаясындағы медиапсихологияның рөлі қандай деген ойды қозғап көрмекіз. «Мәігілік Ел» жалпыұлттық иедеясы – мемлекетіміздің ең дамыған 30 елдің қатарына еніп, мызғымас елге айнала беруін  мақсат тұтқан қадам. Оның негізгі арнасы – бір ел, бір мүдде, бір отан. Барлық отандастарымыз осы ұстанымға берік, әрі шынайы атсалысса «Мәңгілік Ел» идеясы өз мақсатына жетпек. Мемлекетіміздің ең басты идеясын жүзеге асыруда медиапсихологияның рөлі өте жоғары екені анық. Қандай ақпарат құралы болмасын осы мемлекеттің су ішіп, ауасын жұтып отырғандықтан сол елдің ұлттық идеясының қанат жаюына, сыртқы идеологиялық шабуылдарға тойтарыс беруге тұрақты атсалысып отыруы қажет. Өкінішке орай, еліміздегі барлық ақпарат құралдары (БАҚ) дәл біз армандағандай қызмет етіп отыр деп айта алмаймыз. Неге десеңіз, бізде БАҚ-ы заң шеңберінде жұмыс істеп жатқанымен көбісі мемлекет идеологиясын түсіндірумен тұрақты айналыспайды. Ақпаратты беру мен түсіндіру екі бөлек нәрсе, бізде беру бар да түсіндіру кемшін. Елбасы Жолдауларын, «Мәңгілік Ел», «Ұлы дала Елі», сынды идеологиялық бағдарламаларды жалпылама атап өткені болмаса, ішкі мазмұнын таратып, қоғам ұғымына лайықтап беруді назарға алмайды. Бұл бағытта «Егемен Қазақстан», «Хабар» сынды бірқатар орталық газеттер мен телеарналар белсенді жұмыс ақарғанымен олардың өнімдерін барлық қазақстандықтар тұтынбайды. Оның түрлі себептері бар, соның бастысы көрермен мен оқырман таңдауына байланысты. Сол себепті, барлық отандық БАҚ-на мемлекет идеологиясын түсіндіру мәселесін басты назарға алуларын үйлестіру тетігі қарастырылуы қажет. Ал, мемлекет идеологиясының бастауы – «Мәңгілік Ел» идеясы.

Медиапсихология туралы сөз болған кезде әлеуметтік желілердің де ықпалын ескеруге тиіспіз. Қазір қоғам ортасында әлеуметтік желілердің белсенділігі ресми БАҚ-нан кем соғып тұрмағандығы жасырын емес. Ең бастысы, Қазақстан халқы ел іргесінің тыныштығын, береке-бірлікте өмір сүрудің басты құндылық екенін түсініп, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың стратегиясын түсініп, оның жүзеге асуына ынталы. Мәселе, сол ынтаны күшейтуді немесе тұрақтандыруды әр адам өзінің патриоттық парызым деп санамай жалпыхалықтық түсінік қалыптаспайды. Әсіресе, БАҚ тізігінін ұстап отырған тұлғалар жай ғана мүдделі емес, патриоттық әрі кәсіби көзқараспен құлшыныс танытқаны абзал. Себебі, олардың әр шешімдері мен қадамдарының нәтижесі біздің қоғамдағы медиапсихологияның қалыптасуына өз әсерін тигізіп отырады. Яғни, олардың  күнделікті жұмыстары «Мәңгілік Ел» идеясындағы медиапсихологияның рөліне тікелей қатысы бар.

Интеллектуалдық іргелі бастамалардан қалыптасқан «Мәңгілік Ел» идеасы – еліміздің бақуатты өркендеуіне жетелейтін берік жобалар мен бағдарламалардың алтын діңгегі. Алтын діңгегіміздің тамыры суалмас үшін медиапсихология мәселелерін қатаң ескеруге міндеттіміз. Сонда ғана «Мәңгілік Ел» идеясы көздеп отырған «Қазақстан әлемде адамдар үшін қауіпсіз және жайлы өмір сүретін мамыражай мекеннің біріне» мәңгі айнала береді деп санаймыз.

Заңғар Зекенов,

 Гумилев атындағы ЕҰУ-нің 3 курс студенті.

0
Authorization
*
*
Registration
*
*
*
Password generation