Қазақстанның басым аумағында антициклон әсерінен жауын-шашын тоқтайды, тек республиканың солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында ауа райы құбылмалы. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Ақмола облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, екпіні 25 м/с болады, түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с дейін барады, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кейбір аймағында жел тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар, түнде Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Ақмола,Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында 3 градус үсік күтіледі.