Негізгі > батыр

Мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді

Сарыағаштағы Максим Горький атындағы мектепке Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді. Бұл szh.kz хабарлады. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2017 жылғы 3 сәуiрдегi №162 қаулысымен Оңтүстiк Қазақстан облысындағы бір театрдың, бір кiтапхананың, бір колледж бен он үш мектептiң аты өзгерді. Ендi бұдан былай Сайрам ауданындағы №97 жалпы орта мектебi Сұраншы батыр, Хамза атындағы №77 орта мектеп «Тұран»

Толық оқу...

Үш адамды өрттен көршісі құтқарған

Таяуда Өскемен қаласының тұрғыны Нұрлыбек Шайдарманов 3 бірдей адамды өрттен аман алып қалды. Өртке қарсы басқарманың баспсөз қызметінің мәліметіне қарағанда 26 ақпандағы өрттің орын алуына үй иесінің ішімдікке үйірсекігі себеп болған. Таң ата орын алған тілсіз жауды бірінші болып іргелес тұратын Нұрлыбектің отбасы бірінші байқайды. Нұрлыбек ішінде адамдар қалып қойды

Толық оқу...

Боранбайдың Қабанбайға тұлпар таңдауы (аттың сыны)

Құланбайға жазған хаты Әуелі ұшбу хаттың басында бұл елге Қабанбайдың қонаққа келіп жатқанын, батырға жорыққа мінетін ат керек екенін, ол ат басқа жерден емес, Құланбай жылқысынан табылады деп үміт етіп отырғанын тәптіштеп келді де, одан ары болашақ тұлпардың сынына тоқталды: «Биіктігі өзіңдей болсын, местігі өзімдей болсын. Желгенде екпінімен жел ессе, аяңы Қазыбектің

Толық оқу...

Батыр мінезді Бақытбек

Запастағы полковник Бақытбек Қамзиновпен таяуда жора-жолдастардың Астанадағы ықшам кездесуінде таныстым. Cол бір шағын әңгімеде бүкіл өмірін қорғаныс саласына арнаған азаматтың бағындырған белестері журналистік қызығушылығымызды бірден оятты. Өзін қарапайым әрі еркін ұстауы, тартылған сымдай түзу жүрісі әскери өмірдің салған өрнектері болса керек. Тұйығын қабағы мен тұнық жанары турашыл болмысының хабаршысы секілді.

Толық оқу...

СҰЛУБАЙ БАТЫРДЫҢ ШӘЙІТ БОЛУЫ

Сұлубай Сәпиұлы (1907-1944) Абақ Керей – Жәнтекейдің Тасбике руынан. Алтай қаласының Шірікши аулында туған. Сұлубайдың өз кіндігінен Мағила, Зағила атты екі қыз. Зағила Баркөл ауданында әлі бар. Ағасы Байбол мен інісі Көңбайдың балалары Шонжы мен Шіңгіл аудандарында тұрады. Ұлт-азаттық қозғалысының зұлымдыққа қарсы атой-шылдарының бірі болған Сұлубай 1944 жылы “Алтай төңкерістік

Толық оқу...

Жидебай туралы аңыз немесе қызыл түлкі әруақты батыр

Жидебай – Аблай ханның сенім артқан жаужүрек батырларының бірі, Аблай ханмен бірге шыққан жорықта Балқаш көлі арқылы өтуге тура келеді. Сонда көл арқылы өтетін жалғыз жолды Жидебай білген екен. Көлдің түбінде тау жотасы болған деседі, егер жоталарды басып өтсе, көл суы тізеге дейін-ақ жетеді. Әскер Балқаштан жауынды түнде өткен еді.

Толық оқу...

Қанат Ислам: Ел қадірін білейікші, бауырлар!

Бауырлар, біз тәуелсіз елде, өзіміздің жерде, тыныштықта өмір сүріп жатырмыз. Сол тыныштықтың қадірін білейікші, бауырлар. Мен Америкада жүргенде осы еліме қайтқанша асығамын. Америка — адам тұратын жер емес. Ол жақта адамдардың бүкіл жағдайы жасалған. Теледидардың бәрі шоу, интернет тегін, оп-оңай кредит ала бересің. Керегіңнің бәрі бар, бірақ адамдары рухани азғындап

Толық оқу...

БАТЫР РУХЫМЕН СЫРЛАСУДЫҢ  ЖАҢА  СИПАТЫ

Мұқым қазақтың сүйікті ұлына айналған ұлы қолбасшы Бауыржан Момышұлының өмірі мен өнегесі – Ұлт тәрбиесіне өзек болар құндылық. Осы құндылықтың шынайы суреттемесі, ішкі иірімдері «Мен – халқымның Бауыржанымын» атты кітапқа арқау болыпты. Кітап авторы белгілі жазушы Мамытбек Қалдыбай даңқты батырдың жанында жиырма бір жыл серік болып, шәкіртіне айналған қаламгер. Есімі елге

Толық оқу...

Бүгін Бауыржан Момышұлының дүниеге келген күні (ВИДЕО)

Бүгін 24 желтоқсан тау тұлғалы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы дүниеге келген күн. Батыр рухы, ерлік даңқы халқының қашан да жадында жатталары анық. Ар, намыс, жігер мен талап, азаматтық іс, мүдде деген ұғымдарды егеменді елдің еркін ойлы ұрпағы жақсы білуі тиіс. Сол орайда Бауыржан Момышұлының өнегелі өсиет сөздерін ұсынып отырмыз.  Батырдың қанатты

Толық оқу...

Бауыржан Момышұлының өсиет сөздері

Ерлік – тәрбие жемісі. Жауынгерлік тәрбие әскери киімде емес, жөргекте жатыр. Солдаттың анасы – Отанның анасы. Ақылды кісінің сөзі де, өзі де сүйкімді. Жақсы солдат командирге ұстаз, ал, жаман, ақымақ генерал командир түгілі солдатқа ұстаз бола алмайды. Соғыстың заңы – өте қатал заң. Біреудің қатесін орынсыз кешіруге болмайды. Ақкөңіл деген нәрсенің екі түрі бар: аңғал ақкөңіл, ақылды

Толық оқу...