ҚАР ҚЫЗЫНЫҢ ХАТЫ. Бақытгүл Бабаш
(поэтикалық триптих) Оралхан Бөкейге I. Әппақ... әлем... Әппақ маржан айналам. Жаным-көкте, Жерде жүрген құр сүлдем. Неге осы мен, Қайырымсыз дүниеден қайғы алам? Неге осы мен, Сіз жайлы ойлап, күрсінем? Әппақ әлем, Адыра! Түнге ғана құмартады жас жаным. (Қаралығы үшін бе?) Алма-қыз ем, қапияда қарға айнала бастадым, Қара ниет Қоңқай шалдың ісінен... Әппақ... әлем... Мөлдір мұңның моншақтарын теремін. Уысымда - толы Бақ. Ақ қар кешіп, мен Сізді іздеп келемін. Ыстық, Мұ-ұ-ұ-ұздай Жүрегімді қолыма ап... ** ІІ Айыртауда... Тағы
Толық оқу...