Құрылыс зауытында жұмыс істеп жүрген ер адам басына темір түсіп, ауыр жарақат алады. Ес-түссіз 12 апта жатқан жігіт палатасына жаңа туған сәбиі кіргенде көзін ашқан, – деп хабарлады «Жас Алаш«.
Жағдайы ауыр болған Джонни Литтлу есін білмей, ес-түссіз жатқанда 23 жаста болған. Ол темір майыстыратын көліктің жүргізушісі болған. Осындай бір жұмыс күнінде ауыр темір оның басына құлап, ол ес-түссіз күйге түседі.
Бұл уақытта оның қалыңдығы Арлин жаңадан декреттік демалысқа шығып, ана болуға дайындалып жүрген. Дәрігерлер күйеуінің есін жинауы қиын екенін айтқан. Оның жазылып кететініне сенген Арлин оның жанынан бір елі шықпайды.Ол тек босанған кезде ғана жарының жанында бола алмайды.
Сәбиін дүниеге әкелген соң, бір апта емханада жатқан Арлин Джей есімді ұлымен Джонниге келеді. Жас нәресте палатаға кіргенде, ер адам таңғажайыптың күшімен көзін ашады. Қазір Джонни 30 жаста және ұлының өзіне екінші өмір сыйлағанын айтады. Ол ұлын көргеннен кейін қайтадан жүріп, сөйлеп, қалпына келген. Brandon Bolden Authentic Jersey