Хан десе – Хан!

188

«Жерұйық» жуырда тоқсандағы тың ақсақалымыз Кәрім Жұмағалиевтің «Ауылда жұмыс жоқ емес….» атты мақаласын жариялап еді. Енді осы тектес тағы бір жазба ұсынады.

Өскеменге Семей жақтан келіп кіре бергенде, қаланың дәл іргесінде тұрған Герасимовка атты ауыл бар. Осы ауылдың тұрғыны Серафим Хан деген азамат экологиялық жағынан өте таза көкөніс пен басқа да көктерді өсіріп, байып отыр. Өзінің мамандығы әдебиетші көрінеді. Өзбекстанда туып, жастық шағы сонда өткен. Кәрістердің негізі бағбандық қанында бар ғой. Сол жас кезінде мектепте сабақ бере жүріп, жаз маусымында тыныш жатпай, көкөніс өсірген. Жергілікті кеңшар гектарынан 18 тонна сарымсақ алса, бұлар гектарынан 90 тоннадан айналдырған!

Серафим кейін Шымкентке көшеді. Осында жүргенде Шығыс Қазақстандағы атақты «Багриатон» кеңшарының директоры Василий Воропаймен кездесіп қалады. Ол шебер бағбанды өзіне шақырады. Бұл

кісімен біраз қоян-қолтық жұмыс істеп, кейін Герасимовкаға көшеді. Алағашқыда екі гектар жер алып, көкөністің түр-түрін өсіре бастайды. Араға біраз жыл салып барып, бұл егістігін 20 гектарға ұлғайтады. Қазір өскемендіктер қай жерде өсірілгені белгісіз көкөністен гөрі Ханның химикатсыз таза өнімін сатып алуға тырысады. Ханның өзі:

-Бұл бизнес өз-өзін жылдам ақтайды. Жерді баптай білсең болғаны. Бір маусымда екі-үш реттен жеміс аламыз. Бір гектардан ғана үш миллион кіріс кіргізуге болады. Ал екі-үш айдағы таза табыс 15 миллиондай,-дейді.

«Жерұйық» ақпараттық порталы.

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз