ШҚО: қатты дауыл салдарынан ағаш құлап, шатыр ұшқан(ФОТО)

287
https://www.facebook.com/kat.bruce.kz/videos/1644714698881150/
17 шілде күні қатты соққан дауыл кезінде көше бойындағы ағаштар құлап, үйлердің шатыры ұшқан, тіпті жол жиегіндегі дүңгіршектерді құлаған ағаш басып қалған. Желге ұшқан қаңылтыр темірлер көліктерді де зақымдаған. Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Глубокое, Ұлан, Жарма аудандарында  дауылдың салдарынан электр қуаты біраз уақытқа тоқтаған.

«Қазгидромет» РМК мәліметіне сүйенсек, Өскемен қаласындағы жел екпіні секундына 24 метрге дейін жетсе, Көкпекті ауданының Самар ауылында секундына 24 метр, Зырян ауданының Селезенка ауылында секундына 34 метрге дейін соққан.

ШҚО: қатты дауыл салдарынан ағаш құлап, шатыр ұшқан(ФОТО)

Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар департаментінің қалалық және аудандық бөлімдерінің қызметкерлері әрбір қоңырау бойынша анықтау жұмыстарын жүргізуде. Зардап шеккен жандар әзірге жоқ.

ШҚО: қатты дауыл салдарынан ағаш құлап, шатыр ұшқан(ФОТО)

Фотосуреттер – әлеуметтік желіден алынды

 Emmanuel Lamur Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз