Өңірлік, спорт, қалайсың?

432

ҮстіӨңірлік, спорт, қалайсың?міздегі жылғы маусымның 25-і мен 27- күндері аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиядалық комитеті Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов бастаған топ Қостанай өңірінде болды. Бұған дейін спорттық ұйымның арнайы өкілдері Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарына ат басын бұрып, аймақтардағы олимпиядалық спорт түрлерінің бүгінгі ахуалымен танысып қайтқан еді.
Осы жолғы жұмыс сапарында Қостанай, Рудный, Лисаковск сияқты қалалар мен Таран, Қостанай тәрізді аудандарда болып, спорт нысандарын аралап, ондағы материалдық-спорттық базалардың жағдайын көрді.
Бір аңғарылған жайт, Қостанай облысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында нәтижелі жұмыстар жүргізіп отыр екен. Күш қолданылатын жекпе-жек академиясы мен «Futsal Arena» спортық кешендерінің құрылыс жобасы жүзеге асқан. Ал, салынып жатқан жабық футбол манежі, елу метрлік бассейн, мұз айдыны сарайы тәрізді спорттық ныссандар тек олимпиадалық спорт түрлерін ғана емес, бұқаралық спортты жаппай дамытуға қарқын берері даусыз.
Осы бағыттағы тағы бір көкейге қонған нәрсе Лисаковск қаласының, Октябрьлік поселкесінің, Красногорск селосының аулаларына салынған 12 бесаспап спорттық алаңдар. Оның жолақтары тартанмен қапталып, жасанды көгалдандырылған. Ол жерлерде футбол, баскетбол, волейбол ойналады және әрқайсында көшеде жаттығатын тренажерлар қойылған. Барлық алаңдар тұрғындардың емін-еркін келіп жаттығуына қызмет етеді әрі түнгі уақыттарда шамдары жанып тұрады.
Қолдағы бар спорттық нысандар Қостанай облысындағы олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға қатысты мақсатты шаралар жүргізуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта облыстағы 7672 спорттық секцияның 62,2 пайызы немесе 4807 секциясы олимпиадалық спорт түрлерін қамтиды.
Олимпиадалық спорт түрлері секцияларында 85604 адам жаттығады, яғни, ол – өңірдегі спорттық секцияларға қатысушы азаматтардың 64,8 пайызын құрап отыр. Олимпиадалық спорт түрлері бойынша секциялардағы жұмысты 2670 жаттықтырушылар мен денешықтырушы белсенділері қолға алған. Олардың ішінде 480 адам штаттағы жаттықтырушылар.
Осы тұста, сабақтан тыс уақытта секция жұмыстарын жүргізетін денешынықтыру мұғалімдерін материалдық ынталандыратын жүйенің елімізде жоқ екенін айтқан жөн. Ол жақсы үрдіс 2012 жылы тәжірибеден алынып тасталды. Жалақының болмауы, әсіресе, ауылды жердегі балаларға арналған секциялар қатарының азаюына алып келді. Сөйтіп, спорттағы резервтерді дайындауға кері ықпалын тигізуде.
Мұнымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың функциялық өкілеттігін шектеуге байланысты көптеген спорт мектептері аудандық және қалалық атқарушы биліктің қарауына өтті. Бұл тәжірибе де жағымсыз үрдістердің бой алуына әкеліп соқтырды. Аудандық және қалалық спорт мектептерінің қаржыландыру деңгейі төмендеді, аудандық және қалалық спорт мектептері есебінен жеткіншек спортшылардың республикалық жарыстарға қатысу мүмкіндігі болмады, жаттықтырушы-мұғалімдер құрамының жұмыс сапасына жауапкершілігі төмендеді. Осының бәрі жеткіншек спортшылардың спорттық нәтижелерінің нашарлауына алып кеп соқты.
Жұмыс сапары барысында спорттық ұйымның басшылығы тарапынан республикамызда кенже қалып отырған жеңіл атлетика, суға жүзу сияқты бәске салынатын медалі көп спорт түрлерін дамытуға көңіл бөлу жөнінде ұсыныс айтылды.
Қостанай облысындағы сапар денешынықтыру белсенділерінің басын қосып, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жүндібаев Марат Күмісбайұлының қатысуымен өткен жиналыста қорытындыланды.
Пікір алмасу тұрғысында өткен жиналыста олимпиядалық спорт түрлерін дамыту және оларды саралау жағдайлары талқыланды. Спортты саралау болашағы зор спорт түрлерін қаржыландыруды жақсартуға мүмкіндік беріп әрі өзге түрлерді дамытуды ынталандыруға жағдай туғызады.
Басқосуда мамандар піӨңірлік, спорт, қалайсың?кірі тыңдалып, проблемалы мәселелер ортаға салынды, сонымен қатар оларды мүмкіндігінше шешу жолдары қарастырылды.
ҚР ҰОК Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Ұлттық Олимпиядалық Комитетінің жұмысындағы жаңа бағыттар туралы және олимпиядалық спорт түрлерін дамыту бойынша қолға алынған шаралар жайында жиналысқа қатысушыларды мағлұм етті.
Е. Қанағатовтың сөзінен кейін еліміздегі және Қостанай өңіріндегі олимпиядалық спорт түрлерін дамытудың болашағына қатысты бірқатар сұрақтар қойылды. Ол сауалдар тиянақты да нақты жауаптармен қанағаттандырылды.
Жиналыстың қорытындысында аймақтағы олимпиадалық спорт түрлерін дамыту жайына баға беріліп, және оларды одан әрі қарай дамытудың перспективалық бағыты анықталды.

Әділбек Ыбырайымұлы.

 Will Dissly Authentic Jersey

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз