Алиев не дейді? Пашинян ше?

448

«Euronews» телеарансының эксклюзивтік онлайн-сұхбаты арқылы өз ұстанымдарын білдіруге келісім берген Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян ахуалды қалай түсіндіреді?

-Оқ атуды тоқтатуға біржақты тәртіппен қол жетпейді. Екіжақты шешім болуы тиіс. Өздеріңіз білесіздер, Армения бізге 27 қыркүйек күні тұтқиылдан тап берді. Біздің әскери шебімізге шабуыл жасады, инфрақұрылымдарға зиян шектірді, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасады. Армяндардың шабуылынан, соның ішінде баллистикалық ракеталар мен кассеталық бомбалардың жарылуынан 30-ға жуық бейбіт тұрғын қаза тапты. Бізге бұлар бірнеше рет тап-тап берді. Соңғы үш айдың ішінде Әзербайжанға үш рет басқыншылық жасады,-деді И.Әлиев.

Ал Пашинян бұл пікірлерді теріске шығарып, өз кезегінде Әзербайжан Таулы Карабахта этникалық тазалау жүргізбек деп кінәлады.

-Бүгінде халықаралық ақпарат құралдарында және халықаралық қауымдастық арасында біздің бұл жерде шешетіндей әскери міндетіміз жоқ болғандықтан да, Армения мен Карабах соғысты бастап жіберуі мүмкін емес деген ақпарат аз емес. Біздің шешуіміз тиіс міндет саяси сипатта. Позициямыз бұрынғыша болып қала береді: Карабах проблемасы зорлық-зомбылық көмегімен шешілмейді. Карабах проблемасын күшпен шешу, соған алдын-ала даярлану – міне, Әзербайжан осындай саясат ұстанып отыр,-деп мәлімдеді Пашинян.

«Жерұйық»-ақпарат.

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз