АБАЙ ӨНЕГЕСІНЕ ТЫҢ СЕРПІН БЕРІЛДІ

414

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы бүкіл көзі қарақты оқырманның рухын көтеріп, жігерін жани түсті деп есептеймін. Бірден айтайық, мақала мазмұны Абайды тану, оның ұлылығын түсіну, бағалау арқылы ұлттық болмысты нығайтып, бәскеге қабылетті елге айналуға болатындығын дәйектеп берген. Ақынның «Пайда ойлама ар ойла, талап қыл артық білуге» деген бір ғана сөзін мысалға ала отырып мемлекет басшысы халыққа үлкен ой тастап, данышпан сөзін бағдаршам ретінде ұсынады. Ұлы ақын тәмсілінің өміршеңдігі сонда –  осы айтылған ойлар бүгін де, ертең де өзектілігін жоймақ емес. Олай болатыны, артық білуге талап қылған адам өз заманының ұшқыр ойлы, озат тұлғасы болмақ. Көбірек үйреніп, молырақ тоқуға бейімделген жан, біріншіден, ешқашан ешкімге масыл болмайды, екіншіден, өз ортасында сұранысқа ие маман болып қалыптасады. Қазіргі нарық тілімен айтқанда бәсекеге қабілетті болмақ. Мемлекетіміздің де негізгі мұраты – ұлтымыздың интелектуалдығын көтере отырып, жаһан алдында бәсекеге қабілетті ұлтқа айналу.

Президент мақаласының артықшылығы сонда – Абай шығармаларынан мысалдар келтіре отырып, бүгінгі көзіміз көріп отырған түйткілдердің тамырын дөп басадады. Қазіргі бәрі бар заманда көптеген адамдар талапсыздықтан, еріншектіктен ауызды қу шөппен сүртіп «жоқшылықтың қамытын» киіп алып шағымдануға әуестеніп алды. Жаны жалқау адам масылдыққа әуес екенін, одан тек «адал еңбек, терең ой» арқылы ғана құтылуға болатыны ақын шығармасында да, Президент мақаласында да сабақтастық тапқан. «Қазір біз көп айтып жүрген эмоционалды интеллектіге де сол тұста назар аударды. Мақтан мен масылдық психоло-гиядан арылып, қайраттанып еңбек етуді, талаптанып білім іздеуді насихаттаған. Абай өлеңдеріндегі «Еңбек етсең ерінбей, Тояды қарның тіленбей», «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын», «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, Еңбегің мен ақылың екі жақтап» – деген қазыналы ойлар бәрімізге жақсы таныс. Әр адам осы түйінді тұжырымдарды санасына берік тоқып, өзінің тынымсыз, адал еңбегімен айналасына үлгі болуы керек» – депті мемлекет басшысы өз мақаласында.

Мемлекет басшысының Бас ақын шығармашылығына бойлай отырып, байыпты толғамдар жасауында бүгінгі қоғамды ұлы ойшыл нұсқаған жолға бағыттай түсу жатыр. Айбай арманының өміршеңдігі, мәңгілік мақсаттарды көздейтіндігін тағы бір еске салып, тебірене тіл қатады. Қазақ халқының қарапайым қағидасын Абай поэзиялық өрнекпен адамзаттық ойлардың алдыңғы қатарына шығарғанын бүгінгі және болашақ ұрпақ әркез бағалап әрі нысанада ұстауы керектігіне басымдық беріп отыр. «Дүниеде өзі, малда өзі ғылымға көңіл бөлсеңіз», «Бес асыл іс көнсеңіз» деген жыр жолдары толық адам болудың, жетік маман болудың адастырмас жолы іспетті. Тек осы сөздердің ішкі иірімі мен түбегейлі түйінін танитын өре болса болғаны. Ол үшін тағы да Абай айтқандай «талап қыл, артық білуге».

Мемлекетіміз Тәуелсіздігін алғаннан бері бейбіт өмір сүріп, барша елдермен достық қарым-қатынастықта болу керектігін берік ұстанымға айналдырғаны ақиқат. Ол үшін әр ел бірлік пен бейбітшілікті ең алдымен өздерінен бастауы қажет. Қазақстан халқы әуел бастан Елбасының бірлік пен ынтымақ туралы бастамасын әрдайым қолдап, татулық жолын ту етіп келеді. Ұлт көшбасшысының береке –бірлік туралы ұстанымының ұдайы үстем болуында да ұлы ақын ақылымен астасып жатқандығын танимыз. Бірлік қандай жағдайда шынай бірлік болып саналатындығын данышпан ақын «Байлыққа емес, ақылға бірлік қана бірлік» болып саналатындығын екшеп тұрып жеткізіп кетті.

Перзидент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұл мақаласы ұлыларымыздың өнегесін ардақ тұтып келе жатқан ел үшін зор қуаныш. Елдігіміздің ертеңін Ұлы Абай нұсқаған жолмен ұштастыру – ұлт ретінде жаңа деңгейге көтерілгендігіміздің белгісі болмақ. Абайтану мәселесіндегі олқы тұстардың орынын толтырып, Бас ақынымызды брендке айналдыру – асыл мұраттың нағыз өзі. Мемлекет басшысы өз мақаласында «Мұғалімдер мәртебесі туралы» заң мен ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойы терең мән беруінің себеп-салдарын кеңінен таратып айтылған. Ұлыларымыздың рухын асқақтата отырып, ұлттық болмысымызды биіктету керек деген ойлар көпшілік көңілінен берік орын алғандығы анық.

Ұлы ақынның ізі қалған, руханияттың бесігіне айналған семей қаласын гүлдендіру мен Жидебай аймағын абаттандыру туралы айтылған сөздерді мұқым семейліктер үкіметке берілген тапсырма ретінде қабылдап отырғаны тағы ақиқат.

Бір жақсылықты жарығы жанған секілді, онды ол жарық маяк секілді алыстан ғана көрінбей жақындай түссе екен деп тілейміз.

ҚайратСабырбаев,

Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры.

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз