Ақылы автожолдар мониторингінің нәтижелері нені көрсетті?

190

«Сапалы жол» жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің жанындағы Арнайы мониторингтік тобы «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалымен бірлесіп автомобиль жолдарын пайдалану мен күтіп ұстауға қоғамдық мониторинг жүргізді.

Мониторинг барысында арнайы топ «Қазавтожол» ҰК» АҚ қызмет көрсететін «Щучинск – Нұр-Султан» ақылы автомагистралына шықты. Айта кету керек, облыс бюджетінде осы магистралды күтіп-ұстауға және жөндеуге 1,2 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған.

Ағымдағы жылы қыс мезгілінде түскен жауын-шашын мөлшері нормадан асып түскені белгілі, ал коммуналдық қызметтер бұған дайын емес екендігін анықталды. Мамандандырылған жол техникасының жетіспеушілігі қолайсыз ауа райы кезінде жолдарды қардан тазарту бойынша басты мәселелердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, Жол-пайдалану учаскелері Щучье, Макинск, Ақкөл елді мекендерінде орналасқан меншік құқығында тиісті техникасы бар жеке және заңды тұлғаларды қар жинауға жедел тартуға мүмкіндік жоқ. Сондай-ақ, Нұрсұлтан қаласында ТЖ режимін жариялау кезінде бұл режим елордаға жақын Ақмола облысының аудандарына қолданылмайды, керісінше, техниканың басым бөлігі елорда көшелерін қардан тазартуға тартылады, сондықтан Ақмола өңірінде арнайы техниканың жетіспеушілігіне әкеліп соғады.

Қытай өндірісінің пайдаланылатын жол техникасы күрделі ауа-райы жағдайларында пайдалануға төзбегені және істен шыққаны анықталды. Ал қосалқы бөлшектерді сатып алу тапсырыс беруші үшін өте тиімсіз, өйткені келіп түсетін бөлшектердің сырт келбеті техникалық параметрлерге сәйкес келсе де, олардың сапасы төмен. Сондай-ақ, талдау барысында белгілі қар соғатын учаскелерде жүру бөлігіне қар үйінділерін азайту үшін темір-бетон қоршаулар санын арттыру және осындай қоршаулардың екі-үш деңгейлі орнатылуын қарастыру ұсынылды.

Айта кету керек, ақылы автожолда жол жүру үшін жиналған ақша қаражатының жұмсалуы туралы жария ақпараттың болмауына байланысты автомобильшілер тарапынан теріс пікірлер туындайды. Осыған байланысты, топ жоғарыда көрсетілген қаражаттың жұмсалуы туралы ақпаратты ұсынуда ашықтықты қамтамасыз етуді ұсынды.

Сонымен қатар, жол бойындағы кемпингтерді тексеру қоқыс шығаруға және қоғамдық дәретханаларға қызмет көрсетуге байланысты кейбір кемшіліктер бар екенін көрсетті.

Одан басқа, жол учаскесінде болып жатқан барлық жағдайлар туралы азаматтар WhatsApp-чат арқылы ЖПУ қызметкерлерін хабардар етуге мүмкіндігі бар.

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша шығарылған барлық ескертулер мен ұсыныстарды тиісті мемлекеттік органдармен және мекемелермен жұмыс кездесуінде жариялау жоспарланып отыр.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз