…бір ой келіп жүр. Ақмола обылысында бір ауыл бар екен. Мықты жігіттер 50 қойдан аманатқа отбасыларға беріп, ол шаңырақ бірін-екі етіп алған соң, әлгі 50 қойды келесі отбасыға өткізеді екен. Осылай эстафета жасай отырып, ауыл жұрты жылдан-жылға малды болып келе жатқанын білдік. Бізд е де солай етсек деп кеше еті тірі, кеңінен ойлайтын, бір-екі теңге ге тырықтық етпейтін жігіттердің арасында ой тастадым. Көбіне ұнады. Енді және бір реті келгенде пысықтап жіберсек, бастап та қаламыз бұйыртса. Жиырма жігіттің басы қосылып биыл 20 құлын тай алып, көппен араласатын, көптің тірлігіне ет бауырымен кірісіп тұратын жігіттерден бастап соларға берсек деймін. Ертең олар да қатарға қосылып, елге көмек керек кезде аянып қалмайтындай қалталы болуына себепші болатын. 20 тайдың әрбірі 150 мың теңгелік болса, 20-сы 3.000.000 тг болады екен. Бір жыл баптаса, үш еселік құны бар төрт аяқты етуге болады екен. Яғни әрбірі 400-450 мыңнан болса, 9.000.000 тг болады. Бұлай бір ілініп алған жігіт, жылда бірге-бір көбейтіп отырар деп үміттенемін.
Жарылқасын Дәулет.
PS орнына: Баяғыда ақын Есенғали Раушанов өзіне аталған елу бас қойды арғы беттен келген қандастарға мал етіп алсын деп таратып берген екен. Содан бұл тәсіл «Баюдың Есенғалидың әдісі» аталып кетіпті…