«Сэрге» сенеміз бе, жоқ па?…

163

Сума Чакрабарти деген ұлты үнді, азаматтығы – Британдық «сэр» біздің Президент Тоқаевтың экономикалық даму жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болыпты. Білімі жағынан заңгер және экономист екен. Үндістанда туғанмен, бес жасынан Ұлыбританияда өскен. Оксфордты бітірген, т.т.

Көп қызмет сатысынан өткен. Ұлыбритания премьер-министрі Тони Блэрдің маңында да қызмет атқарған. 2001 жылдан бастап әлемнің Африка, Азия, Шығыс Еуропа, Латын Америкасы сияқты елдерінде тарыдай шашырап, «қаржы бөлумен» айналысып жатқан 1200 адамның басын қосқан Департаменттің бас директоры болған.

2012 жылы Еуропалық қайта жаңғыру және даму Банкінің (атақты ЕБРР) президенті болып тағайындалған. 2013 жылдан бастап Қазақстанға қатысты жобалардың біразын қаржыландыруға байланысты Алматыға келген.

2016 жылдың мамыр айында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовпен Өскемен қаласының сумен жабдықтау және су бөлу жүйесін жетілдіруге 4,4 миллиард теңге шамасында қаржы бөлу жобасына өзі келіп, бірлесіп қол қойды.

Негізі, ЕБРР Қазақстанға жалпы көлемі 9 миллирд доллар болатын қаржыны инвестиция ретінде салыпты.

Енді осы тағайындауға экономистер ішінара не деп пікір жазып жатыр, соған тоқталайық.

ФБ белсендісі Алма Төлебаева орыс тілінде оспақтап: «Бүгін көп адам өз-өзінен баяғыдағы «Джимми! Ача! Ача!»деп ән айтатын Мидхун Чакрабортиды еске алған шығар…»,-деп жазды.

Тағы бір ФБ-ның алғыр сөзді білгірі Гүлжан Сұлтан да орысша бүй депті: «Өмірбаянын оқып, әдеттен тыс ештеңе бола қоймайтынын түсіндім. Бұл сэр ҚР-ға баяғыдан сүліктей жабысып алған сияқты. Біздің елді қалайша құтқарамын деген емес, өз пайдамды қалай тапсам деген ойы ап-анық. Бұл «патсан» қазақтың болмыс-мінезін баяғыда біліп алған. Қысқасы, Станиславский айтпақшы: «Сенбеймін!».

Біз өз кезегімізде қазақтың айтулы ақыны Несіпбек Айтұлының мына бір өлеңі осы тақырыпқа өз-өзінен сұранып тұрған жоқ па деп қалдық:

Құлы болдық ғасырдың басы айналған қиялдан,

Жан көрмедім өрескел қылығына ұялған.

Елді ақыры батпаққа батырған соң белшеден,

Ақылшылар алдырдық ит арқасы қияннан…

«Жерұйық»-ақпарат».

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз