Бір взводтан бір өзі ғана тірі қалған майдангер

296

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл! Тіпті, 100 жылдан асып кетсе де Ұлы жеңістің жаңғырығы, батырларымыздың ерлігі елімен бірге жасай береді. Майдан даласында жан беріп-жан алысқан жауынгерлердің қаһармандық қасиеттері ұрпағының ұрпағына мақтаныш болып қалатыны анық. Бір ғана Қазақстаннан қан майданға 1 млн. 200 мыңдай адам аттанып, тең жартысы кері оралмады. Оралғандарының жарақат пен мүгедектіктен аманы жоқ. Солардың бірі – Соғыс және Еңбек ардагері Байқоңыр Ниетбаев. 1917 жылы дүниеге келеген Байқоңыр 1942 жылы Тарбағатайдың Комсомолынан майдан даласына аттанады. Алғашында 65 армия 23/11 әскери шепте, одан атты әскер, соңынан плуметшілер командирі болады. Украйна, Сталинград даласын жаудан азат етіп Германияға дейін барған. Германияның Кенигсберг қаласына енген 1945 жылдың қысында Байқоңыр командир қатты жараланып, наурыз айында елге оралады.

Балдақсыз түзу келді деген аты болмаса, майдангердің бір тізесінің ұршығы мен табанының жартысы жоқ болатын. Орда бұзар жасқа енді жеткен жауынгер ел шетіне ілінгенде намыстанып қолындағы таяқтарын тастап, өз күшімен Бір взводтан бір өзі ғана тірі қалған майдангержүріп келген. Осы тұста өлім мен өмір арасындағы арпалысты қалай жеңгеніне тоқталайық. Өлім аузынан аман қалатын күннің алдында ғана көрген түсінде ауылындағы Сүлеймен деген ақсақал аян беріп: «Байқоңыр, сенің елге қайтатын уақытың болды, қашанғы жүресің ауылыңа қайт» депті. Көрген түсін «Е, елге аман-есен оралуға жазсын» деп жақсылыққа ырымдаған. Соғыстың аты соғыс, Кенигсберг маңында неміс әскерлерін тықсырып келе жатқанда жойқын алапатқа тап болады. Плуметшілерге бұйрық беріп тұрған шағында мина жарылып, есінен танып қалады. Есін жиса блиндажда жатыр, екі аяқтан түк жоқ, бір ұршық пен табаны жұлынып кетіпті. Қозғалуға шама жоқ, шала жансар дене, тек бәрін естіп түсініп жатыр. Екі жақ та қан кешті шайқас үстінде. Күн бата неміс әскері қайта күш алып совет солдаттарын жойып тынған. Қас қылғанда үсемдік алған неміс жауынгерлерінің бір тобы Байқоңыр жараланып жатқан блиндажға түнейді.

Байқоңырдың денесін көрген біреуі шын өліп жатыр ма деп мылтығының ұшымен шаншып-шаншып үстіндегі шинелін іліп лақтырады да өзін қарудың дүмімен бір ұрып нардан жерге құлатады. Еш дәрменсіз жатқан мұны өлдіге санаған олар, сол жерде тынығып тамақтарын ішкен, түнеген. Бойында дәрмені болмағанымен соның бәрін естіп, біліп жатқан. Сол түні таңғы сағат 5 те совет әскері қайта басымдық алып, жаңағы жау әскерін тықсырып, блиндажды босатады. Кейін келген күш жаудан босаған аумақты тексергенде 257 жауынгерден тұратын бір взводтан Байқоңырдан басқа тірі қалған жан таппаған. Сол екпінмен взвод құрамындағылардың барлығының мекенжайына қара қағаз да кетіп үлгереді. Бір взводтан бір өзі ғана тірі қалған майдангер Бір взводтан бір өзі ғана тірі қалған майдангер «Көрер жарығы бар» деген сол. Әскер басшысы екі солдатқа Байқоңырдың шала-жансар денесін госпиталға апаруды міндеттейді. Госпиталға жеткізілгені де қызық. Ауыр денелі қазақты бірде көтеріп, бірде сүйреп әлгі екеуі әбден титықтайды. Қажығандары сонша, жол ортада екеуінің бірі: «Осыған несін әуре боламыз, ақыр адам болмайды өлтіре салсақ қайтеді» дегенде екіншісі көнбей, әрең дегенде жеткізген.

Адам да ит жанды ғой, блиндажда екі күн жатып, бір күн жолда төртінші күн дегенде госпиталға ілінеді. Госпиталдың бас дәрігері Красиновпен достығы бар еді. Мұны өзімсініп Коля деп атап алған. Алдында жеңіл жарақаттармен бірнеше рет госпиталға түскенде осы Красинов Байқоңырды түрлі сылтаумен 3 айға дейін жанында ұстайды екен. Ондағысы Байкоңыр жауынгер ірі денелі, қарулы. Жаралы солдаттарды ары-бері көтеруде қиналыс білдірмейтіндіктен Красиновке ең қолайлы адам болған. Госпиталдағылар аяқтарын екі тізеден кесуге шешім қабылдап жатқанын естіген Байқоңыр: «Маған Красиновты шақырыңдыр, сонымен бір сөйлесіп алайын» деп отырып алған. Ақырында Красинов те келеді. Мұны тани кетіп, мұңына құлақ түріп, өтінішін орындапты. Өтініш сол – екі аяқты кестірмеу, мүмкіндігінше емдеу, содан соң елге мұның аман-есендігін білдіретін хат жолдау. Мың болғыр Красинов «Колясының» атйқанының бірін жерде қалдырмапты. Қанша ауыр әрі қауыпті болса да тізе мен табанға ота жасауға екеуі де келіскен. Екі айдан астам емделіп, елге оралған. Елге келсе елі іші де баяғы өзі көргендей емес, «бәріде майдан үшін» тер төккен халық жүдеу. Өзі бас құрап кеткен шаңырағы да шайқалыпты. Әлдебір сылтаумен Ойшіліктегі әкесі Ниетпай пен оның інісі Мамытжан Құмкөлге көшіпті. Қара қағаз келісімен келіншегі Күлпаш баласын ертіп өз жөнімен кеткен. Бәріне сабырмен қараған Байқоңыр майдангер туған жерге табан тіреген бұйрықты жоғары санап, ел қатарлы тіршілік жалғастырған. Жаңылхан Туғанбайқызы есімді арумен көңіл қосып, екеуінен Серік, Сақыпжамал, Бақытжамал атты балалар дүниеге келеді. Тек қана майдангерлігімен емес нағыз еңбеқорлығымен елге де, ел тізгінін ұстанған басшылар алдында да абыройы әркез жоғары болған. Аудан басшысы Тұран Қобаевтың ол кісіге деген құрметі тіптен бөлек болған. Соншама беделі болса да қосымша жеңілдіктерге қызықпаған. «Отан жолында жоғалтқан денемнің мүшелерін саудаламаймын» деген.

Ғұмыр бойы адал еңбекті, таза жүруді, ешкімді алдамауды өнеге қылып өткен. Өзі де кезінде бірқатар шаруашылық басқарып тұрғанда ешкімнің ала жібін аттамаса, баласы Серіктен де соны талап еткен. Бір взводтан бір өзі ғана тірі қалған майдангер Серік Байқоңырұлы да кейін атқа мініп, «Комсомол» кеңшары шаруашылығындағы білікті басшылардың бірі болған. Әкесінің «Қолыңнан келсе халыққа жақсылық жаса» дегенін бұлжытпай орындады. Бірде Серік Байқоңырұлы үйдегі кішілеу сиырдың бірін қоғам малы арасындағы кесектеу сиырға айырбастамқшы болып, таңдаулы біреуін қораға әкеп қойған екен. Соны байқап қалған әкесі Серік үйге кіргенде қораның есігін ашып, әлгі малды шығарып жіберіпті. Содан баласын жанына отырғызып қойып, «бұдан кейін біреудің дүниесіне көз алартушы болма, оның түбі жақсылыққа апармайды» деп өмірі санадан шықпайтындай кеңесін беріпті. Байқоңыр ақсақал өмірінің соңына дейін ұлы Серік пен келіні Күлзияның қолында тұрған. Екеуінен 7 немере сүйіп, шөбересінің да алдын көріп кеткен. Барлық немерелері мен шөбересінің есімдерін өзі қойыпты. Өмірінің соңында келіні Күлзияға арнайы батасын беріпті. Өзі кезінде қайда қонаққа, кездесуге барса келінін қоса ертіп жүрген. «Әсіресе, мектептегі кездесулерге барғанда көп қиналатын. Сөйтсек, соғыс туралы әңгіме айтқанда не бір ауыр жағдайлар есіне түсіп, соны ауырсынады екен» дейді, атасының қыр-сырын әбден біліп алған келіні Күлзия Мәлікқызы. Бір взводтан бір өзі ғана тірі қалған майдангер Өмірден өтетін жылдың 9 мамырында Байқоңыр ақсақал қаумалған топпен ауданнан бастап біраз жерді аралап, соңында сол топты үйіне ертіп келеді. Өздері керемет көңілді. Еріп келгендер жайылған дастархан мен риза пейілге разы-хош болып қайтады. Етеңінде Байқоңыр ақсақал әдеттегіден бөлек әңгіме бастап, кешегі көргендерінен мысал келтіре келіп келініне арнай ризашылық батасын беріпті. Сөйтсе, кешегі топ Жеңіс мерекесін желеу етіп бірнеше ардагердің шаңырағына бас сұғады. Көбісі келген адамдарға қонақжайлылық танытып, мерекелік көңіл білдіре қойматы. «Бір шәугім шайда тұрған не бар, құттықтап келген адамдармен майдангер әкелерін есіне алса несі кетеді» деп, бір екі мысал келтіріп, солардың жағдайымен өзін салыстырғанда «Құдай маған келінді оңынан беріпті, бақытты бол, дастарханыңның ырысы тарқамасын» деген екен.

Міне, сол Байқоңыр ақсақал туары естіген әңгімеміз 9 мамыр қарсаңында есімізге түсіп, қағазға түсірген жайымыз бар. Бір жағынан биыл Байқоңыр майдангердің 103 жасқа толатын жылы екен! Жаны жәнатта болсын, Байқоңырдың сарқыты Байқоңыровтар жасай берсін!

 

Қайрат Зекенұлы, Семей.

 

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз