Семейде сегіз бекет істеп тұр

40

Автокөліктердің қаладан тыс жерлерге жылжуы шектелген. Көліктегі арнайы рұқсаттамасыз блок-бекеттерден өту мүмкін емес. Қазіргі уақытта Семей шекарасында сегіз блок-бекет жұмыс істеп жатыр.

– Барлық блок-бекеттер керекті құралдармен, соның ішінде экспресс-тесттермен қамтамасыз етілген. COVID-19 таралуының алдын алу үшін біз экспресс-тестілеу өткізіп жатырмыз. Халық бұл іс-шараларға түсіністікпен қарайды. Барлығы өзіміздің қолымызда. Егер әркім шектеу шараларын орындаса, онда эпидемиологиялық жағдай жақсаруы тиіс, – деді Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев.

Бүгінде Семейде аурушаңдықтың саны 48 адам құрап отыр, оның 18 сауығып кетті.

«zheruiyq.kz-ақпарат»  

Пікір қосу

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда атыңызды енгізіңіз